Есімі ел есінде

Сарыарқаның сайын даласында қазыналы өлкені қоныс қылған Төртқөл өңірінің өсіп, өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан біртуар текті тұлғалар ғұмыр кешкен. «Адам елеусіз елес сияқты із-түссіз құрып кету үшін тумайды Адам артына із қалдыру үшін-жер бетінде, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде із қалдыру үшін туады». Ұлылардан қалған осы ұлағатты ұғым өмірден өткен Жүмакенов Акрамаш  ағамызға айтылғандай.  Әкірамаш (шын аты – Әкірамхан) Жұмаділдаұлы Жұмекенов Бұқар Жырау ауданы Төрткөл бөлімшесімен өмірі тығыз байланыста болды.   Үлкендері – «Әкімжан», кішілері «Ағатай» деп атаушы еді.

 ЕГІС АЛҚАБЫНДА
ЕГІС АЛҚАБЫНДА

«Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарысса – адамгершілік ұтады. Өз ісінің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білімге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болса да -игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн», – деген екен данышпан, ғалым Әл-Фараби.

Өмірге келген әр адам өзінің алдына ізгі мақсат қойып, соның жолында өнегелі іс тындырып алдымен отбасының жағдайын қамдап, әрі қарай қоғам мен ортаның дамуына өзіндік үлесін қосуды міндетім деп санайды. Ең маңыздысы қандай жағдай да адамдарға қол үшын беріп жақсылық жасау, қуанышын да қиындығын да ортақтаса білу сияқты адами қасиетті берік ұстау. Міне бұл қасиеттер  үлкен отбасыдан, дәстүрлі тәрбиеден туады.  Осы тәрбиені әкесі Жұмакенов Жұмаділда берген болатын.

Сонау 1934 жылы төрт-бес отбасының басы тоғысып, Екі отау,  Шаңтимес, Жамбас, Тоқан сияқты тарихи аңызға  толы көлі айнадай  жарқыраған шұрайлы жердің тарихи қойнауында  Төрткөл артелі құрылады. Кейін ол колхозға бірікті, Қылыш Бабаев атындағы ірлендірген кеншардың құрамына енді.1937 жылы алғаш рет кооператив (сауда) құрылғанда алғашқы дүкенші және қойма меңгерушісі Жұмекенов Жұмаділда болған. Ал ұжымшардың соқа-сайманын, арба-шанасын темірден түйін ұста Ботбаев Құсбек жөндеген. Жұмаділдә өз заманының сауаты мықты, білімі терең, ірі денелі, ұзын бойлы, ыйықты, кең жауырынды, кеудесі кең адам болған екен.

Осындай тәрбие көрген ол 1936 жыл Төрткөл артеліне мектепке барды. 1939-1940 жылдары Қарағанды қаласындағы Киров ауданындағы фабрика- зауыттық мектебін оқып бітіреді. 1941 жылдан кеңшарға жұмыскер болып тұрды.

1947 жылы Ворошилов ауданы. Төрткөл колхозына колхозшы болып енді. Осы колхозда еңбек етумен қатар 1947-1948 жж. Ворошилов МТС трактористер дайындау курсында курсант ретінде оқып шықты. 1948-1958 жылдара осы Төрткөлді тракторлар бригадасының бригадирі болып еңбек етті. 1958-1960 жылдары Бабаев совхозы бригадасының бригадирі. 1960 жылдан бастап Төрткөл бөлімшесінің басшысы. Осы бөлімшені 1982 жылға дейін басқарды. Төрткөл осы жылдары бірнеше мәрте аудандық, облыстық ауыл шаруашылығының жеңімпазы атанды. Еңбегі жоғары бағаланып 1973 жылы 13 желтоқсанда Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Мұнымен қатар бірнеше медальмен марапатталды. Аудандық кеңеске депутат болып сайланды.

Төрткөл бөлімше болып құрылғалы бұнда үш басқарушы болды. Оның алғашқысы  Әкірамаш Жұмакенов еді. Ол сонау 50-ші жылдарың ортасынан бастап совхоз құрылған 1961 жылға дейін тракторшылар бригадасына жетекші болған. Совхоз құрылып, Төрткөл оның бөлімшесі аталғанда, ол басқарушы болып бекіді. Бұл азаматтың туған ауылды, түлетуге қосқан үлесі мол. Бұл қызметті атқарған 20 жылдың ішінде Ә. Жұмакенов шаруашылықтың экономикасына ғана ден қоймай, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын да назарда ұстап отырды.

Астық көп шыққан 1972 жылы Бабаев атындағы кеңшар миллион пұт астық тапсырды. Көбін Төрткөл бөлімшесі тапсырды, ауылдың көп еңбеккерлері орден, медальдармен марапатталды.

Мәселен, трактор егіс бригадасының бригадирі А.Қызддарбеков Ленин, бөлімше басқарушысы Ә.Жұмекенов, механизаторлар Қ.Баграмов, Ш.Нұржанов және т.б. «Еңбек Қызыл Ту» құрмет белгісі ордендермен марапатталды.

Ауыл өсті, бірсыпыра әлеуметтік құрылыс объектілері де салынды. Бұрын бұл жерде 40-қа жетер-жетпес семья тұрса, қазіргі үй саны 60 шамасында. Бөлімшені бір бес жылдықтай Айту Асқаров деген азамат басқарды. Ал 1987 жылдан бері коллективті төрткөлдіктердің  өзі орталарынан сайлап қойған Шәкар Маханов басқарды. Бөлімше егін шаруашылығымен де, малшылықпен де айналысады. Мыңдаған гектарға созылған астықты алқаптары бар. Мол табысқа мұрындық болып жүрген азаматтардың арасынан ең бірінші болып Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, жергілікті Советтің депутаты Айтбай Қыздарбековтың есімін атасақ, оның ешбір әбестігі болмас. Бөлімше басшысы болған кезде ауыл жұмыскерлерінің (малшы, диқаншы, механизатор – шопыр, әйел адамдарыда) еңбектеріне аса  мұқият назар бөліп, көңіл бөліп отырды. Әр жұмыскерлердің еңбек сағаттарын, еңбек ақыларын, Есептердің әділ және дер кезінде бағалап, жазып отыруларын ерекше қадағалап отырды. Әкем әр жұмыскердің, еңбегіне, жасап атқарған жұмысына лайықты еңбек ақысы мен үкіметтің марапатына ие болулары үшін аянбай бар қажыр – қайраты, күш – жігерін жұмсады.

Төрткөл бөлімшесінің орналасқан жері шұрайлы. Жыл сайын мол астық алып жүргені сондықтан. Құйқалы шабындықтар қысқа түсетін мал басына жетерлік жем-шөп дайындап алуға мүмкіндік береді. Тіпті қыс ауыр жылдары мал азығын сұраған көршілес ауылдарға, шаруашылықтарға қол ұшын беретіні де бар.

1970-ші жылдардың басына дейін ауылда тек бастауыш мектеп болған еді. Ауыл тұрғындарының саны, соған орай мектеп жасындағы балалардың қатары молайуына орай көп балалы аналар мен еңбек ардагерлері аудан, облыс басшыларына сұрау салып, орталау мектеп ашқызды. Содан бергі мерзімде осы оқу орнының партасынан білім алған түлектер байтақ жеріміздің әр түкпіріне тарап жатыр. Кейбір білім жолын жалғастырып, маман, басшы болып кетсе, көпшілігі туған жерінде еңбек етеді.  Кеңшардың 4 бөлімшесі болды: Үміткер (орталықта), Үлгі, Төрткөл және Шат, (Кейіннен бұл бөлімше Төрткөлге қарады).

Төрткөл бөлімшесі үнемі алдыңғы қатарда болды.

Әкірамаш ағамыз  ауылдағы бастауыш мектепті 8 жылдық мектепке айналдыру үшін аянбай тер төкті.

4 сыныпты бітірген балалар әрі қарай оқу үшін жан-жаққа бытырайтын. Олар үйлерін сағынады, ата-аналары балаларын уайымдайтын еді.

Ол кезде көлік қатынасы қиын, қазіргідей жол да жоқ, әрі үйдегідей жеңіл көліктер де жоқ. Ол кезде еліміздің жағдайы да мәз емес еді.

Әкірамаш марқұм сол кездегі кеңшар директоры Мұқан Бірахметовпен, аудандағы басшылармен келісіп, жұмыскерлер үшін «Жатақхана» деп (типі-ОШ-60) Бабаев атындағы кеңшарды қамқорлыққа алған Қарағандының атақты Костенко атындағы шахтасына 13 бөлмелі мектеп үйін салдырды.

Мектептің болашақ директоры Саят Казтайұлы (марқұм) жаздай Қарағандыдан болашақ мектепке жабдықтар тасыды. Бұл үшін, кеңшар арнайы су жаңа «ГАЗ-53» автомашинасын бөлді.  Акрамаш Жұмакеновтың елге жасаған еңбегінің бір қыры ғана осы еді.

Еңбек адамы, ел адамы ретінде ешқашан ұмытылмақ емес.

Темірғали АРШАБЕКОВ,

 Қарағанды облыстық

 ғылыми техникалық құжаттама жөніндегі

архив басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *