ФЕСТИВАЛЬДА ӨНЕРЛЕРІН КӨРСЕТТІ

 

Жуырда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында «Күзгі Орда фестивалі» ұйымдастырылып, Гиннестің рекордтар кітабына енгізу мақсатында «500 шапан тігіліп, 500 табақ ет тартылғаны» туралы бұқаралық ақпарат құралдары бір-бірімен жарыса жазғанына бәріміз куә болдық. Аталған шара жоғары деңгейде өтіп, соңы еліміздің өнер жұлдыздарының концертімен жалғасты.

Осы фестивальдың аясында ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда дәстүрлі садақ атудан және ат үстіндегі аударыспақтан сайыстар өтті. Садақшылар жарысына Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Екібастұз, Жезқазған, Сәтбаев қалаларынан, Қарағанды облысының бірнеше елдімекендерінен, Жаңаарқа, Жәйрем, Ақадыр кенттерінің спортшылары қатысты. Бұл спорт түрінен 1-5 орын алғандарына дейін арнайы жүлделер тағайындалды.

50 метрден Қалқан нысанасы бойынша 60-қа жуық мергендер қатысқан сайыста жерлесіміз, КЕGОК Ұлттық компаниясы Ақадыр кентіндегі ПС-500 подстанциясының қызметкері Ақмағанбет Ернар Нұрланұлы төртінші орынды иемденгені үшін фестивальдің арнайы дипломы мен ақшалай сертификаты табысталды.

Ауданымызда ұлттық спорт түрлері даму алып, жаңа жеңістерге жете берейік!

                                                                            Қ.БЕКҚОЖИН, 

Ақадыр кенті