Газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары

2022 жылдың 8 айында Теміртау қаласының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде газдың шығуымен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарына 121 рет шықты.

Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрмыста өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін сақтау бойынша, соның ішінде газ жабдықтарын пайдалану бойынша кең көлемде үгіт-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

ЕСКЕРТЕДІ:

Тұрмыстық жабдықтарды пайдалану кезінде өрт және төтенше жағдайға жол бермеу үшін:

—  2 қабаттан жоғары тұрғын үйлерде газ баллонын қолданбаңыздар;

— үй-жайларды газдандыруды, газ аспаптарын, баллондар мен тиек арматурасын ауыстыруды және жөндеуді өз бетіңізбен жүргізбеңіз;

—  жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыздар;

— газдың шығуын тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыздар (бұл мақсатта сабын ерітіндісін пайдаланыңыздар);

— балалардың газ аспаптарын пайдалануына жол бермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар;

Газ жабдықтарын орнатқан кезде жиһаз және басқа да жанғыш материалдрдан келесі арақашықтықтарды сақтаңыздар:

—  ең жақын тік бетке дейін көлденеңінен 0,2 м-ден кем емес;

— оның үстіне еңкіс орналасқан ең жақын көлденең бетке дейін тігінен 0,7 м-ден кем емес.;

— жылыту радиаторларынан, басқа да жылыту аспаптарынан және пештерден 1м-ден кем емес;

— ашық отты жылу көздерінен 5 м-ден кем емес.

Автожанармай құю станцияларында газ баллондарын толтырмаңыздар!

Газ шыққан жағдайда:

—  газ беруді жабыңыз;

—  терезелер мен есіктерді ашыңыз;

— сіріңкелерді, оттықтарды жақпаңыз, үй-жайға тұтатылған темекімен кірмеңіз;

— жарық және электр құрылғыларын қоспаңыз;

— егер газ жанса, жалынды үрлемеңіз – газ жанып жатқан кезде жарылыс қаупі жоқ.

Өрт және басқа да төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 101 және 112 телефондары бойынша хабарлаңыз.

 Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы.