Игі бастама жалғасын табуда

Жаңа оқу жылын тиянақты дайындық, ілкімді істермен қарсы алып отырған Қарағанды қаласы Сұрыптау бекетіндегі 12 жалпы білім беретін мектебінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда. Атап айтсақ, арнайы жасалған жоспар аясында  мектебіміздің сайтына және әлеуметтік желілерге хабарландырулар жасалынды. Сондай-ақ мектебіміздің бөлінген мөлтек ауданы бойынша рейд шаралары және демеушілерге сұраныс хаттары тарату  жұмыстары жүйелі жүргізді.

Игілікті мақсат көздеген шақыруға бизнес иелері мен жеке кәсіпкерлер үн қатуда. Қайырымдылық акцияға демеушілік көмек көрсеткен «Қазақстан Халық банкі» АҚ  ҚОФ директоры В.А.Пунтус мырза 160000 теңгеге оқушы сөмкесі мен оқу құралдарын көп балалы және аз қамтылған отбасындағы 4 оқушыға  көмек көрсетті.  Облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Ілияш Нұржан Ағыбайұлы көп балалы отбасынан 3 оқушыға 90000 теңгеге оқушы сөмкесі мен қажетті оқу құралдарымен көмек көрсетті. Мектебіміздің асхана арендаторы Жувандыкова Айгүл Бабасановна әр жыл сайын 2 оқушыға оқушы сөмкесі мен қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары Әйнекова Зауреш Өмірсерікқызы сыныбындағы аз қамтылған оқушысына  40000 теңге көлемінде мектеп формасын әперді, Мұғалімжаны Саулеш мұғалім сыныбындағы көп балалы отбасында тәрбиеленуші оқушысына 15000 теңгеге оқушы сөмкесі мен оқуға қажетті құрал жабдықтар алып берді,мектеп дефектологі Смагулова Гүлнар Жақсыбекқызы қыз балаға спорттық киім және ұл балаға күзгі күртеден көмек берді, Тайшикова Күлшат Сәулебековна 1 оқушыға 13000 теңгеге оқушы сөмкесі мен оқуға қажетті құрал жабдықтар әперді.

Оқу жылын осындай қайырымды шара, игілікті істермен бастай отырып, біздің ұйымшыл ұжым мүшелері жеткіншектерге саналы тәрбие, сапалы білім беру үрдісінен көрінуде.

Қаламқас ҚУАНБАЕВА,

«12 ЖББМ»КММ-нің

әлеуметтік педагогі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *