Әкелер форумы – ер азамат тәрбиелеу бастамасы

Қарағандыда «AMANAT» партиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен Әкелер күніне орай «Әке аманаты» атты аймақтық форум өтті. Шараға шамамен 300-дей әке қатысты. Олардың ішінде педагог, әскери қызметкер, қоғам қайраткері, кәсіпкер, спортшылар бар

Форумды ұйымдас­тыру­шы­лар­дың бірі – «AMANAT» пар­тия­сы­ның Қарағанды облыстық фи­лиа­лы. Басты тақырып ретінде ұрпақ тәр­биесі, патриотизм, цифрлық қауіп­сіздік және нашақорлықпен кү­рес мәселелері қамтылды. Атал­ған шара институтты нығайтуға, әке рөлін арттыруға және қоғам­да­ғы ер азаматтардың жауапкер­ші­лі­гін күшейтуге бағытталған ауқым­ды бастамалардың бір бөлігі болды.

«AMANAT» партиясының Қа­ра­­ғанды облыстық филиалының тө­­­­ра­ғасы Бекзат Алтынбеков:

– Бүгінгі форум – жай кездесу емес. Бұл – балаға жолдас, басты тәр­биеші ретінде әкенің беделін қал­пына келтіруге қадам. Күшті от­басы – мықты мемлекеттің не­гі­зі. Әкелікті қолдау және жауапты ер-азаматтық көшбасшылықты қа­лыптастыру – біздің басты ба­сым­дықтарымыздың бірі. Әке болу­дың жүгін білуіміз керек, –  де­ді форумды ашар сөзінде.

Интернетке, ұялы байланысқа бай­ланған болашақты тәрбиелеу жол­дарының бірі – кітап оқу. Ол үшін не істеуіміз керек? Қайтсек ба­ла қолына кітап алады? Осы ту­ра­лы республикалық «Оқырман от­басы» байқауының жеңімпазы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерт­теу университетінің аға оқыту­шысы Сержан Қожанұлы айтып берді.

– Қой бақсақ та қолымызға кі­тап ұстап жүретінбіз. Яғни, бала ке­­зімізден сіңген, қалыптасқан к­і­­­­тапты сүйіп оқу, көп мағлұматтар алу. Балаларымызға ертегі оқыдық, кішкентай кезден батырлар жырын оқыдық. Содан кейін балаларымыз да кітапты сүйіп оқиды, жақсы кө­ре­ді. Сондықтан балаларымызға кі­тап оқудың пайдасы туралы көп ай­туымыз керек. Интернеттің де пай­дасы мол, бірақ кітап оқу бала­ның зейінін ашады, болашаққа қа­дам басқанда өте қажет болады. Со­ны ұғынуымыз керек, – деді  Сер­жан Қожанұлы.

Форумда ата-ана тәрбиесімен қа­тар, қоғамдағы ер-азаматтардың рө­лін күшейту, интернеттегі агрес­сия мен нашақорлыққа қарсы іс-шаралар сияқты тақырыптар да тал­қыланды. Қатысушылар өз тә­жі­­рибелерімен бөлісті, пікір­та­лас­тарға қатысты. Форумда қоғамда ба­лалармен сенімді қарым-қа­ты­нас құру, интернеттегі агрессияға қар­­сы профилактика, нашақор­лық­­қа нөлдік төзімділікті қалып­тас­тыру, әкенің отбасының отағасы және қорғаушысы ретіндегі рөлі туралы мәселелер қаралды.

«AMANAT» партиясының мү­ше­сі, ABADAN спорт академия­сы­ның президенті Нұрлан Калтаев:

– Бүгінде ABADAN спорт ака­де­миясында бір жарым мыңнан ас­там бала 11 спорт түрінен, оның ішін­де 4 олимпиадалық пәннен тәр­биеленуде. Академияның қор­жы­нында ушу-саньда, пенчак си­лат, ММА, панкратион, еркін күрес жә­не бокс сияқты спорт түрлері бойынша 17-ден астам Қазақ­стан­ның спорт шебері және 40 спорт шеберлігінен үміткер бар. Сондай-ақ балалар арасында «Спорт – есірт­­кіге қарсы» атты нашақор­лық­пен күрес жобасы әзірленді. Жа­с­тардың нашақорлыққа нөлдік төзімділігін қалыптастыру – біздің басты бағыттарымыздың бірі. Бұл мәселе тек денсаулыққа ғана емес, ұлттық қауіпсіздікке де қатысты. Спорт, тәртіп және ер-азаматтық тә­лімгерлік – жастар арасындағы адал­дыққа тәрбиелейтін және пси­хологиялық проблемаларға қарсы күш­ті құрал болуға тиіс, – деді.

Форум соңында «AMANAT» пар­­тиясы атынан ризашылық хат­тар табысталып, партияға жаңа мү­­­­­­шелерге партиялық билеттер бе­­ріл­ді. Бұл іс-шара партия мис­сия­­­сына сенім мен ер-азаматтар­дың өз отбасы мен қоғам үшін жауап­­кершілік алуға дайын екен­ді­гі­нің символы болды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *