Кикбоксшылар жеңісі

Облысымыздың жас спортшылары кикбоксингтен Әлем Кубогында ерекше көзге түсті. Олар қоржындарына екі алтын мен қола медаль жинады.

Әлем біріншілігі Ташкентте өтті. Оған 53 елден 1 200 жауынгер қатысты. Жекпе-жекті халықаралық деңгейдегі 130-дан астам төреші қадағалады.

Қазақстан құрамасының сапында Қарағанды облысынан үш спортшы жеңіске жетті. Олардың барлығы медаль жеңіп алды. Жастар арасында бірінші орынды Балқаш қаласының жас спортшысы Гаухар Сайлаубек иеленді. Жаттықтырушысы – Дулат Саметов. Жоғары жастағы жасөспірімдер ішінде Дамир Кәдіров үздік атанды, ал Артур Гебель қола алды. Тәлімгері – Александр Логинов.

– Мен жігіттердің нәтижесіне ризамын. Бұл турнир беделді, көптеген мықты қарсылас болды. Жеңіл шайқас болған жоқ деп айта аламын, күш салуға тура келді. Қазір республикалық жарыстарға дайындалып жатырмыз, – дейді «Атлант» спорттық-сауықтыру кешенінің жаттықтырушысы Александр Логинов.

Ташкенттегі әлем кубогы кикбоксингті 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енгізу жолындағы маңызды кезең ретінде қарастырылады, бұл жас жауынгерлерге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Өмір БАЙБОСЫН