Қарағандыға Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігінің елшісі Нико Схермерс танысу сапарымен келді.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде экономика мен мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Ермағанбет Бөлекпаев өңір өнеркәсібі, инвесторлар үшін мүмкіндіктер туралы айтып берді.
– Биыл «Сарыарқа» АЭА аумағында Нидерланд капиталының кешенді қорытпалар шығаратын зауыттың қатысуымен жобаны іске қосу жоспарлануда. Облыс аумағында экономиканың түрлі саласында Нидерланды компанияларының 26 кәсіпорны мен өкілдігі жұмыс істейді: сауда, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, т.б., – деп атап өтті өңір басшысы. – Жалпы облыстың сыртқы сауда айналымы алты айда 2,8 млрд АҚШ долларынан асты. Біздің кәсіпорындардың өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне, оның ішінде Нидерланды Корольдігіне экспортталады.
Ол тек өнеркәсіпте ғана емес, білім беру мен спортта да өзара тиімді әріптестікті кеңейтуді ұсынды.
– Мен бір жыл бұрын Қазақстан Республикасындағы елші лауазымына тағайындалдым. Қазір мен аймақтар туралы көбірек білуге тырысамын, – деді Нико Схермерс. – Сіздердің аймақтың аумағы Нидерланды Корольдігінен алты есе үлкен. Ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігі бар, сондықтан мен пайдалы іскерлік ақпарат алғым келеді.