Коронавирустан сақтану жолдары

Коронавирустың таралуын тежеу және одан сақтану – өз қолымызда. Ол үшін мамандардың айтқанын мүлтіксіз орындап, сақтық шаралары мен шектеу талаптарын қатаң сақтаңыз. Сонымен, індеттен сақтану үшін нені білуіміз қажет?

  1. Қолды жиі жуып, антисептик қолдану

Жеке бас гигиенасын сақтау, қол мен бетті таза ұстау – коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы. Әр жарты сағат сайын қолды 20 секунд жылы сумен жуып, антисептик қолдану керек. Қол астыңызда арнайы тазарту құралы болмаса, кез келген дәріханадағы кәдімгі спирт те жарамды. Егер оған аллергияңыз болса, санитайзер қолданыңыз.

  1. Қолма-қол ақша ұстамау

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан қорғану үшін қолма-қол ақша ұстамауға кеңес береді. Оның орнына жеке картаңызбен немесе телефон арқылы сауда жасаңыз. Ғалымдардың айтуынша, COVID-19 вирусы қатты заттың бетінде бірнеше күн тіршілік ете алады екен.

  1. Телефонның экранын жиі тазалау

Смартфоныңыздың бетінде қолдарыңызға қарағанда жүз есе көп бактерия жиналады. Кейбіреуіміз, тіпті, телефонымызды күні бойы қолымыздан тастамаймыз. Сол себепті, телефонның экранын сағатына бір мәрте спиртті майлықпен тазалап тұру керек.

  1. Бұқаралық іс-шараларға бармау

Дәрігерлер адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді. Барған күнде әлеуметтік арақашықтықты сақтау, бетперде киіп жүру қажет.

  1. Автобустың орнына көбірек жаяу жүру

Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбауға тырысыңыз. Оның орнына мүмкіндігінше жаяу жүрген абзал. Өйткені автобустағы кеңістіктің шағын және адамдардың көп болуы – індеттің тез таралуына оңтайлы орта.

  1. Қол алыспау

Дәрігерлер өзге адаммен қол алыспауға және жақын тұрмауға кеңес береді. Көп елдерде ресми түрде қол алысуға тыйым салынған. Бұның бәрі коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған.

  1. Медициналық масканы 20 минут сайын ауыстыру

Әлі күнге медициналық масканың пайдасы туралы дау басылар емес. Біреулер оның коронавирустан қорғамайтынын айтса, екіншілері масканы шешпеуге кеңес береді. Дегенмен, медициналық масканы адам көп жиналатын жерлерде, қоғамдық орындар мен жабық кеңістікте киген жөн. Оған қоса 20 минут сайын ауыстырып тұрған дұрыс болады.

  1. Иммунитетті күшейту

COVID-19 вирусы иммунитеті әлсіз және созылмалы ауруы бар адамдарға көбірек жұғатыны белгілі. Оған қоса темекі шегетін және алкогольді көп тұтынатындардың коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары. Сол үшін дәрігерлер дұрыс өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен айналысуға кеңес береді. Ұйқыңызды реттеп, ақуызға бай, витамин құрамы жоғары тамақтарды тұтыну керек.

Жакуда МҰСАБЕКОВ,

дәрігер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *