KRG Urban Market өтеді

13 және 14 шілде Қарағандыдағы KRG Urban Market фестивалінде отандық суретшілердің шығармашылығымен танысып, шеберлік сабақтарына қатыса аласыздар!

Мереке дарынды қарағандылық суретшінің әрлеуімен шектеулі тауар топтамасының шығуына орай ұйымдастырылды.

Қалалық поп-арт нарығын қарағандылық урбанистика орталығы өткізеді. Онда қазіргі заманғы суретшілердің суреттерін көріп қана қоймай, өзіңіз де сурет салуды үйрене аласыз. Өнерсүйер жандарда Астанадан келген суретші Гүлбарам Асқарованың дәрісін тыңдау мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, музыкалық топтар мен диджейлер өнер көрсетеді. Қаладағы тамақтану орындары арнайы фуд-корт ұйымдастырады. Келушілерді сыйлықтар мен ұтыс ойындары күтеді.

Фестиваль 13:00-ден 21:00-ге дейін өтеді.

Мекенжай: Алалыкин көшесі, 12.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *