Әлем кубогында тамаша өнер көрсетті

Қазақстан құрамасы Қытайда өткен Әлем кубогында сенсация тудырды. Бұл Қарағанды облысының спортшыларының еңбегі.

13-15 маусым аралығында Сиань қаласында көркем (синхронды) жүзуден Әлем кубогының суперфиналы өтті. Жарысқа 16 елден 125 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасына 14 жүзуші енді.

Бұған дейін бірінші кезең Францияда, екіншісі Египетте, ал үшіншісі Канадада өткен болатын.

«Әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысы бойынша әйелдер дуэтінде біздің қыздарымыз Ясмин Тұяқова, Арина Пушкина және Даяна Жаманчалова күміс медальға ие болды. Техникалық, еркін және акробатикалық бағдарламалар бойынша топтық өнер көрсетуде Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Арина Мясникова және Ясмин Тұяқова қола жүлдеге ие болды», — деп хабарлады Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Өмір БАЙБОСЫН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *