Ағымдағы жылы 14 наурыз – Көрісу күніне орай, 6505 әскери бөлім әскери қызметшілері мерекені ерекше атап өтті.
Мереке аясында 4-ші атқыштар батальонының сарбаздары, Агрогородоктағы өз бөлімшесінен, қонаққа 3-ші атқыштар батальонының сарбаздарына барып, бірлесіп Көрісу күнін атап өтті. Келген әріптестерін жылы жүзбен қарсы алған 3-ші батальонның әскери қызметшілері өз ротадағы мерекелік шаралармен бөлісті.
Мерекелік кездесу барысында сарбаздар бір-біріне ізгі тілектерін айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, олар әскери өмірдің қиындықтарына қарамастан, достық пен ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет атап өтті.
Бұл шара әскери қызметшілердің бір-бірімен байланысын нығайтып, командалық рухты арттыруға зор үлес қосты. Ұлттық ұлан сарбаздары Көрісу күніне арналған бұл дәстүрлі мерекені жоғары деңгейде атап өту арқылы, өздерінің бірлігі мен достығын көрсетті.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі
