«Ұлттық мұра» жобасы аясында тоғызқұмалақ турнирі

«AMANAT» партиясы жүзеге асыратын «Ұлттық мұра» жобасы шеңберінде Теміртау қалалық филиалының бастамасымен мектеп оқушылары мен студенттер арасында ұлттық интеллектуалды ойын – тоғызқұмалақ бойынша қалалық турнир (чемпионат) өтті.

Турнирдің мақсаты – ұлттық интеллектуалды мұраны сақтау және насихаттау, жастардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Тоғызқұмалақ бойынша тренер Сайдулла Әкім жарыстардың қатысушылардың шеберлігін арттыруға ғана емес, жастардың ұлттық интеллектуалды спортқа қызығушылығын күшейтуге де үлес қосатынын атап өтті:

«Тоғызқұмалақ стратегиялық ойлауды, шыдамдылықты және тәртіпті дамытады. Әр жыл сайын мектеп оқушылары мен студенттердің бұл ойынға қызығушылығы артып келе жатқаны қуантады», — деді тренер.

Тренер Каримова Елена Юрьевна, өз кезегінде, турнирдің тәрбиелік мәнін атап өтті:

«Жастар үшін мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетпен танысуға, өздерін көрсетуге және баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік береді», — деді ол.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесідей анықталды:

№17 ЖББМ – I орын

Орынбай Оразхан

Жусипбек Айсұлтан

Егинбай Айзере

Болашақ Тансонар

«Озат» АТ ММЛ – II орын

Орынғали Асанәлі

Қожабек Алихан

Дарынбекқызы Айару

Даулетхан Айшабибі

№8 ЖББМ – III орын

Көшкінбай Диас

Сабитұлы Ильяс

Асейт Лаура

Бахыт Аягөз

Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

«AMANAT» партиясы барлық қатысушыларға, тренерлерге және ұйымдастырушыларға белсенділік, білімге құштарлық және ұлттық құндылықтарға құрмет көрсеткені үшін алғысын білдіреді. Жастарға қолдау көрсету және тәрбиелік мәні бар жобаларды іске асыру партияның басты бағыттарының бірі болып қала береді және болашақта да жалғасады.