ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТАҒЫЛЫМЫ

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары Н.М.Әубәкіров пен Ғ.М.Әбілқасов кафедра жанынан құрылған «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшелеріне этнографиялық мұражайға «Тілді – мәдениет арқылы таны» және «Салтыңды білгенің – халқыңды сүйгенің» тақырыбы аясында саяхат жасатып, ұлттық құндылықтарға байланысты танымдық сабақ өткізді. Танымдық сабақ арқылы студенттер ұлт мәдениетін тануда, халықтың тіліне, тіл арқылы оның салт-дәстүрімен танысып, бай мұрасымен тарихына көз жеткізуге бірден-бір себеп болып табылады. Ұлттық тәрбиенің негізін жақсы игерген ұрпақ парасатты, ақылды, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, талапты, жан-жақты, мәдениетті, «сегіз қырлы,бір сырлы» азамат болып қалыптасады.Қазақ халқының ежелден қалыптасқан өмір тәжірибесінен , өнерінен , мәдениетінен, салт-дәстүрінен, ділі мен тілінен , ұлттық мінезінен туатын ішкі заңдылықтарды дұрыс түсіндіріп, ұғындыра білу- жастардың тәрбиесіне оң нәтижесін бермек.Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов: «Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр» деп жастарымызды ғылым мен мәдениетке көңіл бөлулерін мегзейді. Мәдениетті, тәрбиелі, отансүйгіш әрі білімді ұрпақты өсіру үшін ана сүті дарыған ұлттық тіл мен дәстүрлі мәдениеттен ,соны құрметтеуден бастау керек –ақ. Нақты айтқанда, дәстүрлі мәдениет және тұрмыс-салт аталымдары – қазақ тілінің қайталанбас қайнар бұлағының бір ғана көрінісі, ұлттық тәрбиенің қан тамыры, ең түзу әрі шынайы жолы. 

Үйірме мүшелеріне ұлттық құндылықтарға байланысты танымдық сабақтарды оқыту барысында біздің басты мақсатымыз қазақтың мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін оқытып, үйретіп, жастарға өнегелі тәрбие беру. Қазақтың ұлттық құндылықтары салт-дәстүрін ардақтап насихаттау. «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің жетекшілері, үйірме мүшелеріне қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, салт – дәстүрі, ұлттық музыкалық аспаптары, ұлттық тұрмыстық бұйымдары туралы дәріс оқып, этнографиялық мұражай ішіндегі көрнекті заттармен жақын таныстырды.

«Біз қазақпыз,

Кең пейілміз, данамыз.

Сыйласқанға ақ көңілміз, баламыз.

Салт – дәстүрді биік ұста ұлым деп,

Өсиет қып айтып кеткен бабамыз» деп ақындарымыз жыр еткендей, салт – дәстүр дегеніміздің өзі, ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт – дәстүрмен, өнегелі әдет – ғұрыппен, ырым – тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген.

Қазақ халқында ежелден келе жатқан бір даналық ой тәмсіл бар ғой: «Ұлтты үш нәрсе сақтап қалады : тіл, мәдениет, салт-дәстүр»деген. Бұл үш тұғыр қазір бізде өз орнында тұрғаны анық. Тіліміз, мәдениетіміз күн сайын өркендеп, дами берсін.

 

ИБРАЕВ НҰРҚАНАТ – АИУ -24-3

МАМЕДОВА ЭМИНА- АРХ-23-6

ҮЙСІНБАЕВ ИМАНҒАЛИ-МД-24-2

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының жанынан құрылған «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшелері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *