Лудомания – дерт

Бүгінгі күні азаматтардың құмар ойындарға тәуелділігі, яғни жалпы сөзбен айтқанда «лудомания» қоғамда өзекті мәселенің бірі болып отыр. Лудомания – бұл адамның ойындарға, шамадан тыс және бақыланбайтын әуестігі. Бұл мінез-құлық адамды ойындарға эмоционалды және қаржылық жағынан тәуелді етіп, өмірдің басқа салаларынан елеусіз қалдыруына әкеледі.

Осыған байланысты аталған дерттің алдын алу үшін елімізде бірқатар шара қабылданып жатыр. 2024 жылдың 8 шілдесінде Мемлекет басшысы ойын бизнесі, лотерея қызметі және лудоманияға қатысты заң жобасына қол қойды.

Атап айтқанда, құмар ойындарға бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне толықтырулар енгізілді, оған сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартынуға міндетті.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аталған мәселе бойынша мемлекеттік қызметшілер және әдеп жөніндегі уәкілдері семинар-жиналыс өткізді.

Спикер ретінде Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бірінші жедел басқармасының аға жедел уәкілі Бақшиев Әділ Бектасұлы, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, PhD докторы Умуркулова Мадина Максимовна және  аталған жоғарғы оқу орнының Психология кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Мұхамедкаримова Динара Фархадқызы қатысты.

Жиын барысында қатысушыларға ойынқұмарлықтың алдын-алу және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар түсіндірілді, өз кезегінде қатысушылар пікірлерімен бөлісті.

Жиын соңында  спикерлер ойынқұмарлықтың алдын-алуға қатысты профилактикалық ұсыныстар берген болса, әдеп жөніндегі уәкілдерге аталған мәселе бойынша әрбір ұжымда Департаменттің қатысуымен түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері агенттігінің Қарағанды

облысы бойынша департаменті

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *