«Мамандық – өмірлік бағыт»

Мамандық таңдау – адамның болашақ өміріне тікелей әсер ететін маңызды шешім. Бұл таңдау тек жоғары оқу орнына түсу емес, өз өмір жолыңды айқындау екенін жастар терең түсінгені жөн. Қазіргі қоғамда жастардың дұрыс мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру – аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды білу маңызды. Дегенмен тек сұранысқа қарап емес, өз қабілетіңмен үйлесетін саланы таңдаған дұрыс.

Дұрыс мамандық таңдау – табысты болашақтың негізі. Өз қабілетін танып, саналы таңдау жасаған жас өмірде өз орнын тауып, қоғамға пайдасын тигізе алады. Еңбек еткен адам әрқашан өз биігін бағындырады.

Техникалық бағыт – еңбек нарығында тұрақты сұранысқа ие, жалақысы бәсекеге қабілетті және нақты нәтиже беретін салалардың бірі. Техникалық мамандық – еңбекке сұраныс бар жерде әрқашан қажет. Қолымен де, ақылымен де жұмыс істей алатын техникалық маман – қазіргі қоғамдағы ең бағалы кадрлардың бірі.

Қазақстан – минералды бай ел, тау-кен мамандарына сұраныс жоғары. Өндіріс орындары мен халықаралық компанияларда жұмыс мүмкіндігі бар. Қазақстанда энергетика саласы тұрақты даму үстінде. Электр станциялары, компаниялар мен халықаралық жобаларда жұмыс мүмкіндігі бар. Ақпараттық қауіпсіздік мамандығы IT-компаниялар, банк, мемлекеттік және қауіпсіздік ұйымдарында өте жоғары. Болашақта киберқауіпсіздік мамандарына сұраныс артпақ. Өз кәсібін дұрыс таңдаған жас – ел дамуының тірегі, қоғамның қозғаушы күші.

Мұнай-газ ісі, пайдалы қазбаларды байыту, көлік құрылысы және автомобиль жолдарын пайдалану, өнеркәсіп экономикасы, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, автоматтандыру және басқару, геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, тау-кен өндіру саласындағы өнеркәсіптік көлік, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру т.б. техникалық мамандықтарға қызығушылығыңыз болса, «Әбілқас Сағыноа атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ білім беру бағдарламасы сізге теориялық білімді практикамен ұштастырып, еңбек нарығына бейімделген, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуға жол ашады.

Қарлығаш НҰРЖАНОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі