Марат БАЗАРБАЙҰЛЫ: «Індетпен күрес – міндет»

Елімізде биыл алғаш рет ветеринария қызметкерлерінің күні аталып өтпек. Осы мереке қарсаңында  ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Марат Базарбайұлымен тәуелсіздік алғаннан кейінгі 30 жылдан астам уақыттағы осы саладағы өзгерістер туралы аз-кем әңгімелескен едік.

 

 – Марат Базарбайұлы, 1990 жылдары  Ауыл шаруашылығында көптеген өзгерістер орын алып ветеринария саласында осы өзгерістерге бейімдеу керектігі туындады.  Сол уақытта қандай жұмыстар атқарылды?

– Иә, шындығына  келетін болсақ, 1990 жылдары аграрлық салаға деген   саяси  көзқарас өзгеріп, нарықтық  бағытта дамуға бет бұрған шақта  ветеринария саласына  да  жүйелі өзгерістер енгізіп  замана талабына сай бейімдеу керек болды. Осының басты себебі бұрынғы ірі мал колплекстері жойылып, көптеген  ұсақ  шаруа қожалықтары пайда бола бастады.

Мысалы, 2004 жылдың 1-ші қаңтарына   облыс аумағында мал шаруашылығымен айналысатын  3,5  мыңнан  аса ірілі-ұсақты әртүрлі агроқұрылымдар пайда болды. Онымен қоса 42 мыңнан аса жеке меншік аулаларда да мал өсірумен айналысты. Мұндай агра құрылымдарда    90% тарта  ірі қара, 60%  тарта ұсақ малдар, 75%  аса жылқы,   60 % шошқа, 29% аса  құс  шоғырландырылды.  Облыс бойынша кейінгі кезеңде пайда болған көптеген  ірілі- ұсақты шаруашылықтарға ветеринариялық бақылау жүргізіп,ондағы мал бастарын жұқпалы індеттен сақтандыру үшін эпизоотияға қарсы іс- шараларды жүргізу ветеринария мамандарына  өте  қиынға соқты. Алғашында  жергілікті жерлердегі ветеринариялық бақылау стансалары бір орталықтандыру мақсатында Облыстық ветеринариялық лабораториялардың қарамағына берілді.  Республика бойынша ветеринария саласына лицензиялау жүйесі енгізіліп. ағроқұрылымдарға  қызмет көрсету үшін  алғаш  рет лицензият мал дәрігерлері қызмет атқара бастады. Осылайша қиындықтарға  қарамастан   облыс аумағында аса қатерлі жұқпалы жануарлар аурларынан эпизоотиялық қауіпсіздікті  сақтай отырып қиын кезеңдерден шыға бастады.

– Елімізде «Ветеринариялық станция» қашан құрыла бастады? Тиімділігі қалай еді? Соған тоқтала кетсеңіз.

– 2012 жылдан бастап аудандар мен қалаларда шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекеме «Ветеринариялық станция» құрылды.  Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету болып табылады. Осы орайда,кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық жұқпалы емес ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу:

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, жүргізу: қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды, ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді: ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізуді: ұсыну, ветеринариялық анықтама беру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру: биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін атқарады.

– Жабдықтау жағы қалай болды? Арнайы киім, техника дегендей…

– Қазіргі уақытта, әрбір ауылдық округте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті атрибуттармен, құралдармен, арнайы киіммен және арнайы автокөлікпен қамтамасыз етілген және жабдықталған.

Аталған ветеринариялық стансалар кейіннен құрылған   ММ «Облыстық ветеринария басқармасы» -ның қарамағына беріліп тиімді жұмыс атқаруда.

Шет мемлекеттермен  нарықтық  ара қатынастың артуына байланысты, оның ішінде мал өнімдерін ішке нарыққа кіргізу, сырттан асыл тұқымды малдарды тасымалдау  мал ауруларын анықтау жүйесін әлемдік талаптарға сай дәрежеде жүргізу үшін  ветеринариялық зертхана жүйесін оңтайландыру керек болды. Бұл бағытта   жаңа зертханалар салынып, оларды заманауи аппаратура, құрал жабдықтармен  қамтамасыз ету жүйелі түрде іске асырылды.  Бүгінде  облыс аумағында заманауи талаптарға сай 8 зертхана оның, 7 аудандарда  ел игілігіне қызмет атқарып тұр.  Кәзіргі таңда зертханаларда жануарлардың   ауруын анықтау барысында   иммуноферментті анализ тексерулерімен, қатар полимеразды  тізбек реакциялары кеңінен  қолданылуда.   Күрделі зерттеулерді  жүргізу үшін мамандар арнайы дайындықтардан  өткен.

– Ауру мал қалай анықталады?

– Ауруды анықтаудағы басты талаптардың бірі – ол ауру, немесе ауруға күдікті жануарлардан (өлекселерден де алынуы мүмкін) алынған сынамалардың дұрыс әрі дер кезінде зертханаға жеткізу. Бүгінгі күні   ветеринариялық стансалар сынамаларды қалыпты жағдайда сақтап зертханаларға жеткізу үшін арнайы термочемоданмен және де басқадай атрибуттармен (контейнерлер, консерванттар т.б) қамтамасыз етілген. Малдардан қан алу үшін қауіпсіз және өте ыңғайлы  «Ваккутайнер»  құрылғысы өндіріске енізіліп кеңінен қолданылуда.

Үкімет қаулысымен 2011 жылы  жануарлардың  аса қауіпті (аусыл, сібір жарасы, құтырық т.б.) ауруларынан індет ошақтарын  жою іс- шараларын жүргізі үшін РМК «Эпизоотияға қарсы отряд» құрылып  республика аумағында жұмыс жүргізуде. Оның филиалдары барлық облыстарда ұйымдастырылған.

Індет ошақтарында   іс- шаралар жургізу кезінде  мамандардың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін, олар, арнайы киім – эпизооткостюмдер мен порпативті зарарсыздандырғыш құрылғыларымен, тағы да басқа  керекті заттармен толық қанды   қамтамасыз етілген.

   Медицина саласында «Ауру бар, ауырған адам бар оны емдейтін маман дәрігер бар, егерде ауырған адам дәрігер талаптарын орындап, уақтылы дәрісін ішіп,  режим  диеталарды толыққанды орындаса, аурумен күресу әлде қайда жеңіл болады »,   деген қағадат бар. 

 Менің  ойымша, бұл ой тұжырымның  ветеринария саласына да  қатысы бар. Яғни, мал иелері мал өсірудің технологиялық принциптерін қатаң сақтап, жұқпалы індеттерге қарсы іс- шараларды ұйымдастыру бағытында сауатты, атқарылып жатқан ветеринариялық жұмыстардың уақтылы өтуіне оң ықпал жасайтын болса  қандайда болмасын жұқпалы індеттердің алдын алуға, ал індет ошағы тіркелген  жағдайда оны жоспарланған уақытта жою әбден мүмкін. Сондықтанда жергілікті тұрғындардың, ірілі -ұсақты  агроқұрылымдарың (жеке меншік аулаларды қосқанда) жетекшілері мен мамандарының ветеринариялық сауаттылығын арттыру бағытында ағарту – насихат  жұмыстарын ұйымдастыру маңызды шаралардың бірі деп есептеймін.

Ойымды жинақтай келе айтарым мал иелері ветеринариялық — санитариялық жағынан неғұрлым  сауатты болса, олар   ветеринария мамандарына індетпен күресуде   үлкен көмегін тигізеді деп ойлаймын және де бұл мәселе     ветеринария мамандарының әрқашанда күн тәртібінде тұруы   керек. Ол таласқа түспейтін  аксиома!

Осыған  орай, үлкен сұрақ туындайды.  Жалпы мал өсірушілердің  сауаттылығын қалай көтереміз? Оның қандай жолдары бар?

– Бұл үшін бейне-көрнек туындыларын  ұтымды пайдалана отырып, (түрлі- түсті плакаттар, дыбыс – бейнежазу туындылары ) «олнайн»   «офлайн»  форматтарда жергілікті жұрғындарды қамити отырып лекциялар ұйымдастыру. Немесе үгіт насихат материалдарын (кітапша, арнайы нұсқауы бар қағаздар) дайындап жан- жақты тұрғындар мен мал иелерінің арасында тарату.

Бұл бағытта жергілікті ғалымдардың қатысуымен  орыс, қазақ тілдерінде дыбыс – бейне туындылар: «Жануарлардың инфекциялық  және инвазиялық патологиясы бойынша түрлі – түсті плакаттар», аталған тақырыпта  видео таспалар», «Жануарлардың бруцеллез ауруы мен күресудің  стратегиясы мен тактикасы атты  дыбыс бейне туындылар  дайындалды».  Облысымыздың Шет ауданының Кияқты селолық округіндегі «Мұрат» шаруа қожалығында  ірі қара аусылынан пайда болған індет ошағын жою бағытында жүргізілген іс- шаралардан алған тәжірибені ескере отырып «Жұптұяқтылардың аусыл ауруымен куресу жолдары» атты ұсыныстар әзірленіп ҚР ДМ-не қарасты   ЖШС «ҚазҒЗИ»-нің ғылыми кеңесінде талқылауға жіберілді.

Келешекте жоғарыда аталған туындыларды пайдалана отырып  Облыстық аймақтық ветеринариялық бақылау           және қадағалау инспекциясымен бірлесе отырып   жергілікті жерлерде  лекция өткізу жоспарланып отыр.

– Рақмет! Мереке құтты болсын!

Сұқбаттасқан: Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *