Мемлекеттік тіл – Қазақстан қоғамының негізі

Мемлекет пен қоғамдық өмірді мемлекеттік орналастырудың басты мақсаты – мемлекет аумағында бейбітшілік пен бейбіт өмір сүру жағдайларын құру және қамтамасыз ету. Мемлекеттің осы басты мақсатын қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі – мемлекеттік тіл.

Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы – Конституциясының 7-бабында елімізде қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып табылады деп айтылған. Бұл ретте мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында онымен тең орыс тілі ресми түрде қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ Мемлекет «Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау туралы» қамқорлықты өзіне алады.

Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге қазақ тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақ тіліміз дамып, оның қоғамдық маңызы арта түсті. Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңының 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» делінген.

Осы орайда, Елба­сы­мыздың «Мем­лекеттік тілді біл­мейінше, мем­лекеттік органдарда, қызмет көр­сету саласында, құқық қор­ғау ор­ган­дарында немесе сот сала­сында жұмыс істеу мүм­кін болмайды» деген сөзі де бүгін­гі күннің және келешектің нақты ұстанымы болатындығын айқын­дап тұр.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Қазіргі таңда сот жүйесінде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселесіне жіті көңіл бөлінуде. Ресми құжаттар негізінен мемлекеттік тілде жазылады, ал орыс тілінде жазылған құжаттың аударма нұсқасы болуы бұлжымас талапқа айналды.

Қазақ тілінің мемлекеттік органдардағы қолдану үлесін сөз еткенде,  сот саласын аттап өту мүмкін емес. Бүгінгі сот жүйесінде ана тіліміздің үлесі көңіл қуантарлық. Атап айтар болсақ, сот өндірісіндегі кіріс-шығыс хат-хабарлар мемлекеттік тілде жолданады. Соттың ресми сайты қазақ және орыс тілдерінде, ал, ішкі құжат айналымы қазақ тілінде жүргізіледі. Бұл көрсеткіштер жыл сайын еселену үстінде. Сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін әр жыл сайын өтетін тестілеу анықтап береді. Сонымен бірге, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде қарастыруды көздейтін шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Мұнан өзге мемлекеттік тілде рәсімделген сот актілерінің сапасына талдау жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда, тіліміздің сот жүйесінде қолданылу деңгейі жыл сайын артып келеді.

«Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады» деген халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсінік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды. Сондықтан тіл мәселесі мемлекет үшін аса маңызды. Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің Отан алдындағы міндетті борышы деп санаймын.

А.С.БАДАНОВА,

Қарағанды облысы

Шахтинск қалалық соты

әкімшісінің бас маманы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *