Мемлекеттік қызмет көрсетілді

Қарағанды облысында мамандандырылған орталықтарды қоса алғанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өткен жылы 857 785 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Connection point арқылы 579 730 қызмет көрсетілді.

Топ-3 мемлекеттік қызметке көлік құралдарын тіркеу, төлқұжаттар мен жеке куәліктерді ресімдеу, сондай-ақ ЭЦҚ алу және кері қайтарып алу кіреді.

– Біз сервистерді қолжетімді әрі ыңғайлы ету үшін оларды үнемі дамытып, жетілдіріп келеміз, – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары Айбат Ілиясов.

«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ақпараты негізінде