ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы Д.Абаева Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын кезінде мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормалары, құмар ойындарға тәуелділік белгілері, құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасаудан аулақ болу міндеттері талқыланды.
Кездесуді қорытындылай келе, спикер мемлекеттік қызметшілерді өздерінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін еліне адал қызмет етуге жұмсауға шақырды.
Өз тілшімізден