Өмір

Өмір, өмір сен неткен жылдам едің,

Сарылып,  мен іздедім жылдар емін

Таусылып , тез өткенде әр минутым

Қол қусырып отырып, тынған едім.

 

Өмір, өмір сен неткен көркем едің .

Өзіңе он алты жыл еркеледім .

Ғаламаттын бар сырын сенен көріп

Тағдырымның әр жолын көркемдедім.

 

Өмір , өмір сен неткен қатал едің.

Күресуге өзіңмен осал едім.

Кей кездерде сынағың көп болғанмен

Кейбір кезде сынақтан босап едім.

 

Өмір , өмір  сен неткен ажар едің.

Өзің жайлы романдар жазар едім.

Біреуге бақ , біреуге соры болған

Шіркін өмір сен сондай ғажап едің!

 

***

Бұл заман бірін бірі жұлып жейтін.

Аға бауыр бір бірін құлым дейтін.

Ілік іздеп әр істен, жолын аңдып ,

Бәйге жарған айғырды құлын дейтін .

 

Пайда көрсең, іс қылып дос көре алмай,

Қолда барын ағайын жүр бере алмай.

Шалыс бассын қадамын деп тілеген,

Арсыз жұрт бір біріне жүр сене алмай.

 

Көше толған сықиған алқаш, кезбе.

Аузынан нас төгілер ішкен кезде.

Намысын қаза қылған қу шарапқа

Енді қандай шара бар бұндай езге?!

 

Адаммен бірге өзгерді заман айналып.

Ырқына көнді адамның заман жайланып.

«Жаман заманнан» көтеріп шығып еңсені,

Қадам басайық «жақсы заманға» сайланып!

***

Өлеңменен өзгерді бар өмірім.

Жыр-өлеңге байланысты көңілім.

Жан сырымды ақтарғам мен өлеңге ,

Жыртып беріп жүрегімнің бөлігін.

 

Мән бермеп ем  мен өлеңге басында

Қандай ақын шығар бала жасында?

Шын жүрекпен бірақ сүйдім өлеңді

Өмірімнің бір бөлшегі расында.

 

Мен өлеңді жүрегіммен ұнаттым,

Жаза беріп, мен өнерге құмарттым.

Ашыла алмай мына дархан әлемге

Өлеңменен өз-өзімді жұбаттым.

***

Мен сені шын сүйемін, білемісің?

Қымбатсың сен мендегі жүрек үшін.

Пейіште періштелер дұға қылса,

Сен мені көз қырыңа ілемісің?

 

Мен сені шын сүйемін , білемісің?

Тек ғашық жан өмірді сүреді шын.

Серуендесек қазанның ызғарында

Айлы аспанда қасымда жүремісің?

 

Мен сені шын сүйемін,  білемісің?

Біле тұра , сөз айтпай жүремісің?

Сен дегенде ішімде дауыл соғып,

Ғашық менің жүрегім күледі шын.

 

Күз

Шуақты жаз да кетті

Қоңыр күз бізге жетті

Алтынға даланы бояп

Сарынды ән әкепті.

 

Алқаптан егін алып,

«Қырмандап» әнге салып,

Жігіттер бой көтерді

Жүктерін тиеп алып .

 

Мойынын бұрып алып,

Қанатын қағып-қағып,

Жол тартты әне аққулар

Қоштасар әнін салып.

 

Өлкемнің атырабын,

Ақ қайың жапырағын ,

Сылдырлап күле аққан

Әкетіп барады ағын.

 

Жетіліп өрік-жүзім,

Жемістің піскен жүзін

Сыйлаған мына бізге

Ризамын,  қоңыр күзім.

 

Менің өлкем!

Менің өлкем керемет, сенесің бе?

Ғажайыбын көрсетсем, келесің бе?

Тауы анау, бұлағы бөктерінде.

Ғажап шіркін, өзендегі кемесі де.

 

Менің өлкем тым ажар, сенесің бе?

Аралайық табиғатын,  ересің бе?

Жайқалған кең даламның бұтағынан

Меніменен бүлдірген  тересің бе?

 

Менің өлкем  ғаламат, сенесің бе?

Шаттанып бір қаласың, келесің де.

Меніменен жүр анау шатқалдарға

Қолымды созып тұрмын, бересің бе?

 

Саф өлкемнің ауасы, сенесің бе?

Жұтып көрсең бақытты сезесің де,

Өне бойың бусынып,  сол бір сәтте

Өмірдің шын бейнесін көресің де.

 

Аружан АСЕМЖАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *