НҰРАНЫҢ БАҒЫНА КЕЛГЕН

Ниқанбай Иманғалиұлы бойындағы барлық  күш-жігердің  және мол тәжірибенің арқасында Нұра ауданындағы көптеген жылдар бойы қордаланған өзекті мәселелерді зерттеп, екі қолын сыбана жұмысқа кірісіп кетті.

Негізгі іс–әрекет бағыттары мынадай мәселелерді шешу:

— ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымдарын әрі қара жақсарту. Ауылдарды жарықтандыру бойынша ауданда 48 км көше жарығы орнатылып, 84 үй салынды;

— ауылішілік көшелер және ауылдарға баратын жолдарды ретке келтіру жұмысын жандандыруды қолға алды;

— ауызсуға қолжетімді ету. Шалғайдағы жатқан тұрғындардың жағдайын жақсартуға аса үлкен назар аударылды.

Көп жылдар бойы ауызсуға қолы жетпей жатқан елді мекендер көп еді. 1980-жылдардың аяғында Нұра ауданының құрамына кірген Теңіз өңірінің Ақтүбек ауылы кеңес үкіметінен бері шағын көлден су ішіп қиналып жүрген болатын. Аз уақыттың ішінде сол ауылға су тұщыландыру қондырғысы орнатылып, ауыл тұрғындарының ауызсуға қолдары жетті. Су тасқынынан бұзылған көпір Теңіз өңірінің  тұрғыдарына аудан орталығымен қатынасу машақат болатын. Сондықтан, республика бюджетінен қомақты қаржы алынып байланыс орнына келтірілді. Тассуат, Заречное, Егінді ауылдарында су тасқыны көп қиындық туғызатын. Сондықтан бір жылдың ішінде дереу дамбалар, бөгеттер салынып, су тасқынының зардабын азайту үшін көп  жұмыстар атқарылды. Оның ішінде аудан орталығына лап етіп жақындап келетін суды тоқтату үшін 400 метр габион орнатылды. Жыл сайын қатты су  ағыны ең маңызды аудан орталығымен елді мекендерге қатынасатын негізгі көпірді бұзып кету қауіпі болды. Сондықтан, су ағынының екпінін азайту үшін көпірдің жанынан қосымша  су өткізетін тюбинг орнатылды. Осындай еселі еңбектің арқасында елді мекендерге  су тасқынының зардабын азайту жұмыстары абыроймен атқарылды.

Кеңес өкіметінің шежіресіндей бұрыннан қалған елдімекендердің атауларын өзгерту мәселесі бұрыннан күн тәртібінде мызғымай тұратын. Сол көше, ауыл және мектеп атауларын өзгерту бойынша көп жұмыстар атқарылды. 114 көше, 33 мектеп, 10-нан астам ауыл атаулары өзгертілді. Одан кейін аудан орталығы да өзіне сай атау алды.

Ауған соғысына қатысқан және қаза тапқан жерлестерге ескерткіш орнату аудан тұрғындарының  өтініші еді. Осы мақсатта бос және қараусыз қалған саябақ қайта көркейіп, балалар ойын алаңы және арнайын монумент орынын тапты. Абаттандыру және жылдар бойы шешімін таппай жатқан көп мәселелер шешіліп ауылдармен ауыл орталығындағы көшелерге  асфальт төселінді. Білім беру саласына көп көңіл бөлініп, арнайы білім аллеясы іске қосылды.

Ауданымыздың  басшысы ретінде дарынды қызметкер, білікті басшы еңбек жолын абыроймен  жалғастырып,  ауыз толтырып айтарлық көп жаңашыл бастамаларға жол ашты. Сол уақыттағы Ниқанбай Иманғалиұлының барлық ниетімен жасаған іс-әрекеті ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартып, елімізді ілгері жетелейтін көп жастарды басшылыққа тарту болды. 114 жас маман мемлекеттік қызметке тартылып, аудан тұрғындарының  алғысына ие болды.

Мінсіз еңбек етіп, қызметтік борышқа шын берілгендіктің арқасында     ауданымыздың  көркеюіне, егеменді еліміздің іргесін  нығайтуға   баға жетпес үлес қосып,     Нұра абыройын талай-талай жоғарыдан желбіреткен ақ маңдай азаматқа деген нұралықтардың алғысы шексіз!

Нұра ауданы

әкімі аппаратының

ақпарат қызметі