Биыл 26-30 қараша аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен республикалық олимпиадасында ауданымыздың екі мектебінің оқушылары жеңімпаз атанды.
Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Койқатов Асылжан (жетекшісі Бимақаева Г.Ж.) математика пәнінен екінші орынға қол жеткізсе, физика пәнінен Игілік Ерасыл да (жетекшісі Жекебай А.) осындай жүлденің иесі атанды.
Математика пәнінен Ақсу-Аюлы ауылының «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат» оқушысы Алпысбай Батырхан (жетекшісі Омашева Д.К.), Ю.Гагарин атындағы мектеп- лицейінің оқушысы Мусахметова Айбибі (жетекшісі Жаппарова Ф.Т.), физика пәнінен тағы осы мектеп-лицейінің оқушысы Құрманбай Ислам (жетекшісі Ахметова Г.А.) жеңіп алды.
Ерекше жетістігі үшін грамоталарымен: география пәнінен Татиев Мерей (жетекшісі Абеужанова А.Б.), математика пәнінен Кеңес Айғаным (жетекшісі Бимақаева Г.Ж.) марапатталды. Екеуі де жоғарыда аталған мектеп-лицейінің оқушылары.
Жеңімпаз оқушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Оқушыларымызды үлкен жеңістерімен құттықтап қояйық!
Қалижан БЕКҚОЖА,
Ақадыр кенті