Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының “Орталық” өңірлік қолбасшылығында 2025 жылдың нәтижелерін қорытындылауға арналған әскери кеңес өткізілді. Кеңеске “Орталық” өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамы, офицерлер және әскери бөлімдердің командирлері мен әскери қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында жеке құрамның жауынгерлік дайындық деңгейі, қызметтік-тәртіптік жағдай, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кадрлық жұмыс және тәрбиелік бағыттағы іс-шаралардың орындалуы талқыланды. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады.
Әскери кеңесте баяндамалар тыңдалып, бөлімдер бойынша негізгі көрсеткіштерге талдау жасалды. 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер бағаланып, кемшіліктерге қатысты нақты ұсыныстар берілді. Өздеріне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде орындаған бөлімдер мен жеке әскери қызметшілер атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков 2026 жылға арналған басым міндеттерді белгілеп, жауынгерлік және қызметтік даярлықты одан әрі жетілдіру, тәртіп пен заңдылықты нығайту, кадрлық әлеуетті дамыту сынды бағыттарды басты назарда ұстайтынын атап өтті.
Әскери кеңес Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшыдығына қарасты өңірлердегі тұрақтылықты, қоғамдық қауіпсіздікті және тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қызметінің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі
