Халықаралық әйелдер күніне орай Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығында әскери қызметші және азаматтық персонал қатарындағы нәзік жандыларды құттықтауға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын барысында өңірлік қолбасшылық басшылығы әйелдерді көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 наурызбен құттықтап, олардың әскери қызмет пен қоғам өміріндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. Әйелдер тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар ел қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне де зор үлес қосып жүргені айтылды.
Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал әрі жоғары деңгейде атқарып жүрген бірқатар әскери қызметші әйелдер мен азаматтық персонал өкілдері алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Бұл марапаттар олардың кәсіби шеберлігі мен қызметке деген жауапкершілігінің айқын дәлелі болды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Әскери қызметшілер мен өнерпаздар сахнада ән айтып, түрлі шығармашылық нөмірлер орындап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсем әндер мен жүрекке жылы лебіздер мерекелік кештің ажарын аша түсті.
Шара соңында барлық қатысушылар естелікке ортақ суретке түсіп, мерекелік күннің әсерлі сәттерін бірге бөлісті.
Осындай игі дәстүрлер әйелдерге деген құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде Ұлттық ұланда жыл сайын жалғасын табуда.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі
