«Орталық» өңірлік қолбасшылығында қорытынды тексеріс өткізілді

Ағымдағы жылдың 14-16 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығында қорытынды тексеріс жүргізілді. Аталмыш тексерістің басты мақсаты- әскери қызметкерлердің біліктіліктерін тексеріп, жауынгерлік дайындықтарынның сапасын анықтау болып табылады. Қорытынды тексеріс аясында жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының, сапық, атыс, дене шынықтыру, мемлекеттік-құқықтық даярлық және басқада оқыту пәндері бойынша білімдері мен біліктіліктерін тексерген болатын.
— Бұл қорытынды тексеріс аясында, біз көптеген пәндерден әскери қызметкерлердің біліктіліктерін тексердік. Сондай-ақ, бір жыл бойына жинаған тәжірибелерін шыңдап ғана қоймай, жаңа білімдерде бердік.Бұл қорытынды тексерісті біздің өңірлік қолбасшылық жоғары деңгейде тапсырды- деп атап өтті Акшиков Талғат Болатұлы «Орталық» ӨңҚ қолбасшысының орынбасары .
Үш күнге созылған қорытынды тексеріс барысында, ұлаңдықтар ең алдымен мемлекеттік тіл бойынша тесттер тапсырып, содан кейін дене шынықтыру пәні бойынша арнайы нормативтер тапсырды.Бұл нормативтер ұлаңдықтар үшін үйреншікті нәрсе, себебі дәл осындай қорытынды тексеріс Ұлттық ұлаңға қарасты өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдерде жыл сайын өткізіліп отырады.Сонымен қатар үш жыл сайын әскери бөлімдер арнайы инспекторлық тексеруден өтеді.

ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *