Ағымдағы жылдың 5 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығында қысқы оқу мерзімі басталды. Аталмыш іс-шара аясында қолбасшылық басқармасының офицерлері мен келісімшарт бойыншы қызметкерлерімен мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сабақтар өткізілді. Ең алғашқы сабақты “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков өткізді.
— Еліміздің әскери құрылымдарының білімі мен біліктілігі біздің қолда. Сондықтанда біз әрқашан әскери қызметшілермен сабақтар өткіземіз. Міне бүгін біздің өңірлік қолбасшылықта қысқы оқу кезеңі басталды-деп атап өтті “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков.
Сондай-ақ, ұландықтар мен қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтары өткізілді.
ҚР ҰҰ “Орталық” ӨңҚ баспасөз қызметі