Қарағандылық паралимпиадашылар Паражеңіл атлетикадан Гран-при жүлдегерлері атанды. Руфат Хабибуллин алтын, ал Дастан Мұқашбеков күміс алды.
Халықаралық жарыстар Франция астанасында өтті. Оларға 56 елдің 380-нен астам өкілі қатысты. Қазақстан құрамасында жеті спортшы, оның ішінде екі қарағандылық өнер көрсетті.
Жарыстың бірінші күні Қарағанды облысының мүгедектер спорты мектебінің тәрбиеленушісі Дастан Мұқашбеков F-36 классында тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Ол снарядты 14,20 метр қашықтыққа лақтырды.
Жеңіл атлетикадан Grand Prix Дүниежүзілік сериясының екінші күні қарағандылық Руфат Хабибуллин Ғ43/F64 класындағы спортшылар арасында 46.35 ұпаймен найза лақтыруда үздік атанды.
Айта кетейік, Дастан Мұқашбеков Парижде 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтетін Паралимпиада ойындарына лицензия алды.