Президент жолдауы – ел өркендеуінің негізі

Әр жыл сайын Қазақстан Республикасының халқы еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын тағатсыздана күтеді. Себебі, мемлекет басшысы жыл сайынғы жолдауында орындалған тапсырмалар мен алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға жіті тоқталып шығады. Сондай-ақ, халықтың көкейінде тұрған сұрақтарға жауап береді.  Міне, биылғы жылы да, еліміздің президенті 2 қыркүйек күні «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты  жолдауын, қазақ халқына жеткізді. Бұл жолдаудың басқаларынан ерекшелігі өте көп. Себебі, бұл жолдау барысында мемлекет басшысы бірнеше мәселелерге тоқтала өтіп, алдағы уақытта орындалатын заңнамаларды атап өтті.  Президентіміздің жолдауы әрбір қазақстандық үшін өте маңызды екені рас. Себебі, жолдау аясында елімізде болатын өзгерістер мен сындарлы саясаттар туралы көптеген ақпараттар мен тағлымды мәліметтер беріледі. Бүгінгі жолдау барысында, мемлекет басшысы әрбір қазақстандықтың көкейінде жүрген мәселелерді шешу жолдары мен біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетті.  Сондай-ақ, президент жолдауының басында өткен жылғы сессияда жалпы 102 заң қабылданғанын оның ішінде балалар мен әйелдердің құқығына қатысты заңнамалардың көптігін айрықша атап өтті. Қазіргі таңда қабылданған заңнамалардың барлығы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға ықпал ететіні сөзсіз. Мемлекет басшымыз орындалған заңнамалардың арқасында, қазіргі таңда елімізде халқымыздың қалауы болған әділетті Қазақстан орын алып жатқандығын айқындап берген болатын.

  • Біз дамудың жаңа бағдарын белгіледік. Экономиканы әртараптандыру ісіне тың серпін бердік. Инфляция баяулады, яғни былтырғы ең жоғарғы деңгейден 2,5 есе төмендеді. Еліміздің халықаралық резерві 100 миллиард доллардан асты. Өңдеу өнеркәсібі тау-кен саласымен салыстырғанда жылдам өсіп жатыр-деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінгі жолдауға толық тоқталып өтетін болсам, мемлекет басшысы жолдауын тоғыз бағытқа бөліп өтті. Бірінші бағытында ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы жылы салық кодексіне біршама өзгертулер енгізілетінін мәлімдеді. Екінші бағытында инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды екендігін көрсетті. Бұл бағытта жұмыстар осы жылдың өзінде бастап кеткендігі және мамыр айында «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойылып, жүзеге асырып жатқандығын халыққа жеткізді. Үшінші бағытында еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ, аталмыш бағыт аясында үкімет 17 ірі жобаның тізімін жасағаның атап өтті. Жақында, Қарағанды облысына жасаған іс-сапары барысында «QARMET» металлургия комбинатына барған кезіндегі, отандық инвесторлардың жұмысының арқасында комбинаттың жағдайы едәуір тұрақталғанын атап өтті. Төртінші бағытында еліміздегі инфрақұрылым жағдайына тоқтала өтті. Бесінші бағытына келер болсам, еліміздің кадрлық әлеуетін дамыту керектігін маңызды деп білді. Бұл бағыт аясында 2025 жылды 200 ден астам мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланғанын баяндады. Алтыншы бағытында ұлт саулығын нығайту басты мәселе болса, жетінші бағытта экологиялық ахуалды түзеу басты назарда екенің атап өтті. Сегізінші бағытында мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін атап көрсетсе, тоғызыншы бағытында қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясының терең орнықтырылуы туралы сөз қозғады.

    Тоғызыншы бағытқа толық тоқталып өтсем, мемлекет басшысы қазіргі таңдаға елімізде орын алған қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңнамалардың қабылданып жатқандығы туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, әскер қатарындағы заң мен тәртіптің сақталуына айрықша мән берілуі керектігін атап өтті.

Бізде мемлекет басшысының бұл жолдауынан алдағы уақытта көптеген жаңа заңнамалар пайда болатының айқара түсіндік. Сонымен қатар, көптеген жаңашылдықтардын пайда болатынынан сенімдіміз.

Ал, бүгінде біз Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы ел болашағы үшін қызмет ете отырып, қоғамдық-тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің жолдауын қолдап, жұмыла іске кірісіп, еліміздегі заң мен тәртіптің терең сақталуына және аталған мақсаттарға жетуге өз септігімізді тигізетінімізге кәміл сенемін.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы

«Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы

генерал –майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *