Кәсіпорын ұлттық инвестордың басқаруына өткеннен кейін, Qarmet тауарлар мен қызметтер жеткізушілеріне тарихи қалыптасқан қарызды азайту бойынша жұмыс жүргізуде.
АО «АрселорМиттал Теміртау» кеткен кезде көпжылдық қарыз сомасы $279,4 млн болды. Инвестициялық міндеттемелерін орындау арқылы Qarmet өзінен бұрынғы қарызды азайтып, тауарлар мен қызметтер жеткізушілеріне қатысты әлеуметтік тұрақтылық пен әділдікті қамтамасыз етуге ұмтылуда.
Төлемдер ішкі аудит нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Комбинат алдындағы міндеттемелерді адал орындау және 2023 жылдың 8 желтоқсанына дейін кәсіпорынмен өзара әрекеттесуде сыбайлас жемқорлық факторларының болмауы ескеріледі.
Қазіргі уақытта комбинаттың жалпы қарызының 82% болатын $227,9 млн астам қарыздық міндеттемелер төленді.
Операциялық шығындардың ең маңызды құрамдас бөліктері, мысалы, жалақы қоры, өндірісті жаңғырту, өндірістік қауіпсіздік жүйесін жақсарту, ауқымды жөндеу, әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру басымдықпен қаржыландырылады.
Мысалы, биыл компания қызметкерлерінің орташа жалақысы 14,8%-ға өсті, өндіріс бойынша инвестициялар стратегиялық даму «5-9-5» жоспарына сәйкес жалғасуда. Еске салайық, бағдарлама 2028 жылға қарай өндірісті 5 млн тонна болатқа, 9 млн тонна көмірге және 5 млн тонна темір кені концентратына жеткізуді көздейді.
Сонымен қатар, сала болат және басқа металлургиялық өнімдерге әсер ететін сыртқы экономикалық жағдайлардың бұрын-соңды болмаған әсеріне тап болды. Комбинат өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау мақсатында Qarmet металл құнын төмендету бойынша шаралар қабылдауда. Осылайша, 9 айлық жұмыс барысында сыртқы факторлардың слябтың тонна бағасына әсерін $430-дан $364-ке дейін төмендетуге мүмкіндік туды.
Компанияның жүргізіп отырған саясаты Қазақстан нарығында отандық өнімдердің артуына және ішкі құндылықтың өсуіне әкелді.
Компания өндірісті жаңғырту, қауіпсіздікті күшейту және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларды дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында басым емес шығындарды оңтайландыру бағытын алды.
Өмір ТАЙ