Алғыс айту күні – жүректегі ізгі ниеттің, шынайы ризашылықтың көрінісі. Бұл күн адамдарды бір-біріне құрметпен қарап, жақсылықты бағалауға, мейірім мен жанашырлық танытуға үндейді. Қазақстанда Алғыс айту күні 1 наурызда атап өтіледі. Бұл мереке – елдегі татулық пен ынтымақтың, өзара сыйластықтың белгісі.
Бұл күннің басты мақсаты – түрлі этнос өкілдерінің бір-біріне және қазақ халқына қиын кезеңдердегі қолдауы мен қамқорлығы үшін алғыс білдіруін нығайту.
Ата-анаға, ұстазға, досқа, әріптеске, Отанға алғыс айту – адамгершіліктің белгісі. Қарапайым «рақмет» сөзінің өзі жүрекке жылу сыйлап, адамдар арасындағы байланысты нығайтады. Алғыс айту күні – бірлік пен келісімнің, татулық пен өзара түсіністіктің символы. Ризашылық білдіру арқылы біз қоғамда мейірімділік пен сенімді арттырамыз. Әр адам осы күні ғана емес, күн сайын жақсылыққа алғыс айтып, игі іс жасауға ұмтылса, еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз.
2026 жылдың ақпан айында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ ЛОГ-25-2, ЛОГ-25-2с топ кураторының ұйымдастырумен және топ студенттерінің қатысуымен «Алғыс – ізгіліктің белгісі» тақырыбында тәрбиелік шара өтті.
Алғыс айту күні – жастардың рухани дүниесіне оң ықпал ететін тәрбиелік мәні зор мереке. Бұл күн студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, адамгершілік құндылықтарын нығайтады.
Алғыс айту – тек сөз емес, ол – мәдениет. Студенттерге ризашылық білдірудің маңызын түсіндіру олардың азаматтық жауапкершілігін арттырады. Бұл мереке жастарды мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелейді.
«Алғыс – ізгіліктің белгісі» іс-шарасының жоспары:
- «Рақмет» науқаны. Студенттер оқытушыларға, ата-анаға, достарына алғыс хат жазып, жылы лебіздерін білдіреді.
- Эссе және бейнеролик байқауы. «Мен алғыс айтатын жан» тақырыбында шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру (презентация, бейнефильм).
Алғыс айту күнінен студенттердің алатын әсері:
- Рухани әсері. Студенттер ризашылықтың маңызын түсініп, жақсылықты бағалауды үйренеді. Қарапайым «рақмет» сөзінің өзі адам жүрегіне жылу сыйлайтынын сезінеді. Бұл олардың ішкі мәдениетін қалыптастырады.
- Әлеуметтік әсері. Алғыс айту күні Қазақстан Республикасында ұлтаралық татулық пен келісімді насихаттайды. Студенттер ел тарихындағы қиын кезеңдерді түсініп, бірлік пен ынтымақтың құндылығын сезінеді. Ұжымдық шаралар арқылы топ ішінде достық пен өзара қолдау артады.
- Психологиялық әсері. Алғыс білдіру – позитивті ойлауды қалыптастырады. Студенттер өз өміріндегі жақсылықтарды байқап, оптимистік көзқарасқа ие болады. Бұл олардың эмоционалдық тұрақтылығына да оң әсер етеді.
Қарлығаш НҰРЖАНОВА,
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының магистрі
