ҚҰРМЕТТІ ӨМІР КӘРІПҰЛЫ!

Сізді 85 жасқа толған мерейлі тойыңызбен ашық та аппақ көңілмен құттықтаймыз!

Сіз – қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген қаламгерсіз. Жазушылық машықта жануарлар әлемін, далиған даламыздың көркі мен шынайы қалпын, адамдарының ішкі-сыртқы болмысын емін-еркін төгілдіріп жаздыңыз, жазып та келесіз. Ұзақ жылдар бойы жазған әрбір шығармаңыз елдің жан дүниесін тәрбиелеп, оқырманға рухани азық, өнеге мен тәрбие сыйлап келеді.

Сіздің қаламыңыздан туған туындылар – халқымыздың өмірін, салт-дәстүрі мен болмысын бейнелеген көркем шежіре. Әдебиеттегі табанды еңбегіңіз, ұлтқа деген адал қызметіңіз – кейінгі ұрпаққа үлгі.

Өнегелі шығармашылығыңыз ғасырлар көшінде жалғасын таба берсін!

Сізге осындай мерейлі күні мықты денсаулық, қажыр-қайрат, шалқар шабыт, отбасыңызға амандық пен береке тілейміз!

Жүз жасыңызға шығармашылықпен жете беріңіз!

Ізгі ниетпен,

Қарағанды «Облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті қоғамы» қоғамдық бірлестігі