Биыл қазақ поэзиясының ең биік шыңдарының бірі саналатын лирик ақын, ерекше поэтикалық ойлауымен миллиондаған оқырманның жүрегін жаулаған тұлға Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл.
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ ЛОГ-25-2 тобының студенті Рождин Жусипов «Ұлттық тағылым» республикалық ғылыми-тағылымдық басылымның ұйымдастыруымен өткен қазақ халқының лирик, ақиық, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатындағы республикалық «Мұқағали оқулары» шығармашылық байқауына қатысып, жүлделі 1 орынды иеленді.
Рождин бұл байқауға қатысу арқылы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын тереңірек танып, қазақ поэзиясының байлығын сезінді. Ол өз өнерін танытуға мүмкіндік алып, шығармашылық қабілетін дамытуға шабыт алды.
Мұқағалидің өлеңдерінде сөздің сиқыры ерекше көрініс табады. Ол әрбір сөзді ұқыппен таңдап, қарапайым көрінген сөзге терең мән береді. Мысалы «Қарлығаштар» немесе «Сағыныш» сияқты өлеңдерінде оқырман бірден сезімге батырады, жүрекпен қабылдайды. Мұқағалидың поэзиясы – бұл тек әдемі ой мен сезім емес, сонымен бірге адамның рухани дүниесін байытатын, ойландыратын мәтіндер.
Оның шығармаларында ой тереңдігі де басым. Мұқағали өмірдің мәнін, адамның болмысы мен қоғамдағы орнын қарапайым сөзбен, бірақ терең философиялық оймен жеткізеді. Мысалы оның кейбір өлеңінде бала кездің сырлы сәттері, туған жердің маңызы, махаббат пен достық тақырыптары сөз болады. Бұл тақырыптар тек көркемдік қана емес, адам болмысына терең үңілуге шақырады.
Мұқағалидың поэзиясын ерекше ететін тағы бір қасиеті – табиғат көріністерін шебер суреттеу. Ол табиғатты тек сыртқы бейнеге ғана емес, адамның сезімі мен ойымен байланыстырады. Сол себепті оқырман оның өлеңін оқығанда табиғат көрінісін көз алдына елестетіп қана қоймай, оның терең философиялық мәнін де сезеді.
Қарлығаш НҰРЖАНОВА,
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»
Қазақтілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының магистрі
