Сан қырлы қаламгер

«Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған 90 кездесу» жобасы аясында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Құрметті журналисі, облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері, жазушы Сүйіндік Жұмабайұлы Жанысбайдың 75 жылдық мерейтойына арналған «Сан қырлы қаламгер»  атты кездесу өтті.

Шараға «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-сі қолдауы көрсетті. Кездесуге мерейтой иесінің жоғары оқу орнында бірге оқыған достары ардагер-ұстаздар Шәпен Маташева мен Баян Махметов, Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері және «VolteQ» еріктілер тобының мүшелері қатысты.

Кездесу барысында кітапхана оқырмандары жазушы қаламгердің  шығармаларындағы ұлттық рух пен елдік мүдде жөнінде пікір алысып, Сүйіндік Жанысбайдың өлкетануға қосқан үлесі жайлы да көптеген мәліметтермен бөлісті. Жазушы болса, оқырмандармен ой бөлісіп, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Өзінің шығармашылығы жайында қызықты әңгімелер айтып берді. Кездесуге келген оқырмандар жазушының сан-қырлы тақырыпта қалам тербеген журналист екендігі жөнінде де құнды пікірлермен алмасты. Іс-шара барысында мерейтой иесіне әннен шашу шашып құрмет көрсетілді.

Махаббат Сәменова,

кітапхана қызметкері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *