Шахтинск ЖЭО-ның қысқа дайындығы аймақ басшысының және энергетикалық қадағалаудың тұрақты бақылауында.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев кезекті рет станцияға барып, алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді.
Станция басшылығы және жөндеумен айналысатын мердігерлерді тыңдады.
– Үшінші қазандықта жөндеу-монтаждау жұмыстары толық аяқталды. Турбина учаскесінде де жұмыстар аяқталды. Тұрғындарға жылу беру сапасына әсер ететін төрт қазандық ашылып, бөлшектелді. Қазіргі уақытта құбыр байламдары жасалуда, бұл өз кезегінде алдағы жылыту маусымында жылу энергиясының жақсы өндірілуіне септігін тигізеді. Адамдар жеткілікті, кестеден артта қалушылық жоқ, – деді «Шахтинстеплоэнерго» ЖШС техникалық директоры Абылай Сейдуәлі.
Шахтинск қаласында осы жазда орамішілік және магистральдық жылу желілердің проблемалық учаскелері ауыстырылуда, құбырларда жылу оқшаулағыш материалдар қалпына келтіріледі. Мұның бәрі жылу сапасын жақсартуға әсер етеді.
Ермағанбет Бөлекпаев жұмыстың мерзімін ғана емес, сапасын да бақылауды тапсырды. Ол Шахтинск ЖЭО дайындығын бақылау жалғасатынын атап өтті.