Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 15 қыркүйектен бастап «Шеге мен балға» шеберханасы өз жұмысын қайта бастайды. Тегін сабақтарда ұлдарға құрал-саймандармен жұмыс істеуге, шеге қағуға және басқа да үй шаруасымен айналысуға үйретеді.
«10-14 жас аралығындағы ұлдар үшін жазғы демалыстан кейін «Шеге мен балға» шеберханасы ұйымдастырылды. Владимир Маторин өткізетін сабақтарда балғамен дұрыс жұмыс істеуді және қолөнерді үйренуге болады», – дейді кітапханада.
Шеберханадағы сабақтар әр жексенбі сайын сағат 12.00-ден басталады.
Абай атындағы балалар кітапханасы Бұқар жырау даңғылы, 30 мекенжайында орналасқан.
Анықтама телефондары: 41-23-25, 8-705-979-75-39.
Өз тілшімізден