Шырша алсаң, байқап ал!

Жаңа жылдың басты символы – шырша.  Алайда азаматтардың тарапынан  осы қылқан  жапырақты  жас ағаш  түрін  заңсыз кесу, тасымалдау,  сату деректері де кездесіп жатады.

Осының  алдын алу және жолын кесу және де өңірдің жасыл байлығын сақтау мақсатында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Көліктегі полиция басқармасының қызмет ету аумағында  15-31 желтоқсан аралығында «Шырша» жедел алдын алу шарасы  өтуде.

Соған байланысты қазіргі таңда әуежайларда, теміржол вокзалдарында, перрондарда және жолаушылар поездарында  қылқан жапырақты жас ағаш түрлерін тасымалдау және сату заңдылығының мәніне бақылау күшейтіліп, көлік полиция қызметкерлерімен рейдттік шаралар жүргізілуде.

Жаңа жылдық мерекенің  тағы бір  атрибуттарының бірі  жаңа жылдық от шашу.  Алайда осы пиротехникалық бұйымдарды сатып алу және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды.

Мереке күндері сапасыз тауарға  жолығу қаупі  де күшейе түседі. Жарақаттың және өрттің көп бөлігі пиротехниканы пайдалану ережелерін бұзу немесе сапасыз өнімдерді (жарамдылық мерзімі өткен кеткен) пайдалану салдарынан. Осы орайда көлік объектілерінде  (теміржол вокзалы, жолаушылар поезында, әуе кемелерінде) пиротехникалық заттар мен бұйымдарды заңсыз  сатудың жолын кесу, оларды сақтау, қолдану, тасымалдау, жою,  әкелу, шығарудың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 20 желтоқсан  айы мен 2026 жылдың 5 қаңтар айы аралығында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Көліктегі полиция басқармасының қызмет ету аумағы бойынша «Пиротехника» жедел профилактикалық іс шарасының екінші кезеңі өткізуде.

Аталған жедел алдын алу шараның екінші кезеңінің басты мақсаты – пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану қағидаларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салуды түсіндіре отырып,  халықты мереке қарсаңында қауіп-қатерден сақтау.

Қарағанды-Сұрыптау станциясы КПБ ӘПБ