Әскери прокуратура ардагері 70 жасқа толды

Ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні 6505 әскери бөлімінде әскери прокуратураның ардагері запастағы әділет полковнигі Мороз Владимир Николаевичтің 70 жасқа толуына орай мерекелік іс-шара өткізілді.  Атап өтер болсақ, Владимир Николаевич өзінің мансабын 6505 әскери бөлімінде бастаған болатын. Аталмыш іс-шараларға әскери қызметкерлер, әскери прокуратура қызметкерлері және ардагердің туған туыстары қатысты. Мерекелік іс-шара аясында ардагер ең алдымен әскери бөлімнің тарихы сақталған мұражайын көріп шықты. Сондай-ақ, мерекелік концерт барысында, барлық қонақтарға, ардагердің өмірі бойынша арнайы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, ардагерге Орталық өңірінің әскери прокуроры Данияр Джумадилов бас әскери прогурор әділет генерал-майоры Секенов Дастан Абдикадирович атынан бағалы сыйлықтар мен арнайы мадақтама табыстады. Мерекелік іс-шаралар барысында, ардагердің қызметтес достары запастағы полковник Жантасов Амангелді де ардагерді 70 жылдық мерей тойымен құттықтап өзіінің жылы лебіздерін білдірді. Іс-щара соныңда ескі жылдардағы әндер мен күйлер шырқалып, ардагермен топтық суретке түсіру шарасы өтті.

ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *