Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – біздің елде негізгі міндет. Елімізде қауіпсіздік стандарттарын сақтау мақсатында оң рульді автокөліктерді бөлшектелген түрде әкелуге тыйым салынды. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда қозғалыс ресми түрде оң жағынан жүзеге асырылады және халықаралық қозғалысқа қатысушыларды қоспағанда, мұндай көлік құралдарын тіркеуге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының азаматтары мұндай көлік құралдарын конструкторлар түрінде әкеліп заңнама нормаларын айналып өтуде. Осылайша, ол көліктердің қауіпсіздігіне көз жеткізбей жолға шығуда және жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіреді. Бұл шектеу осындай бұзушылықтардың алдын алуға және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.
«Жол жүрісі туралы» ҚРЗ 67 бабына сәйкес 2007 жылдан бастап ҚР-да оң рульдік автомобильдерді заңдастыруға тыйым салынғанға дейін аталған көліктерді заңдастыруға мүмкіндік болған.
2023 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша ҚР аумағына бір реттік 200 мыңдық заңдастыру шеңберінде 240 мыңнан астам көлік заңдастырылды, оның ішінде 22 мыңға жуығы конструкторлар, яғни оң рульді көліктер. Бұйрық күшіне енгенге дейін келген машиналар белгіленген заңнама шеңберінде заңдастырылатын болады.
Аталған бұйрық 16 қаңтардан бастап күшіне енеді, Аталған тыйым салу шаралары Шекара қызметі және Мемлекеттік кірістер комитеттерімен іске асырылатын болады.