Олимпиадаға Қарағанды облысынан баратын тағы бір қатысушы анықталды. Париждегі төрт жылдықтың негізгі ойындарына жеңіл атлет Давид Ефремов қатысады.
Ол туралы кедергілермен жүгіруде әлемдік қорытынды олимпиада рейтингі жарияланғаннан кейін белгілі болды.
– Иә, Давид өтті, ол Олимпиадаға барады, – деді жеңіл атлетикадан ҚР бас жаттықтырушысы Дмитрий Карпов. – 9 шілдеден бастап Ұлттық құрама Алматы облысында жиын өткізеді, ал 29 шілдеде Парижге ұшамыз.
Давид Ефремов 110 метр қашықтықта кедергілермен жүгіруде Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Ол ҚР-дағы ең мықты, Азия чемпионы, ел рекордшысы.
Осылайша, Парижде Қазақстан олимпиадалық құрамасының құрамында Қарағанды облысының үш спортшысы – Данил Мұсабаев, Ксения Игнатова және Давид Ефремов өнер көрсетеді.