Тариф тұтынуға тәуелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тарифтік саясат әділетті болуы тиіс. «Негұрлым көп тұтынсаң, соғұрлым көп төлейсің» қағидаты – ресурстарды тиімді пайдалану мен әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Бұл ұстаным артық тұтынуды азайтып, энергия мен коммуналдық ресурстарды үнемдеуге, сондай-ақ тариф жүйесіндегі теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әділетті тариф – экономикалық тәртіп пен саналы тұтынудың негізі.