Тарихқа қиянат жасамайық, ағайын!

«Арқа ақшамы» газетінің бетінде бірнеше мәрте «Қарқаралыға 255 жыл» деген айдармен мақала бердік. Оқырманға жол тартқан бұл жазбаларда «Қарқаралы қаласына – 200 жыл» дегенге қарсы уәж айттық. Неге? Өйткені, бодандыққа өткен кезге дейін Қарқаралыда қазақ деген еркін халық тұрғанын дәлелдеп айтпақ болдық. Дегенмен, бұдан қырық жылдан астам уақыт бұрын 1981 жылы «Ресейге  өз еркімізбен қосылғанымызға 250 жыл» деп тойлаған қазақтың бойынан, әлі күнге дейін күдік пен бодандық қамыт кетпегендей. Бодан болғанымызды әлі тойлап келеміз, «200 жыл» дегенде сол кер…

Кеңес дәуірі дүркіреп тұрған 1981 жылы 250 жылдықты тойлағанда қарсыларда болды. Сол уақытта Бауыржан Момышұлы өмірден өтті. Келіні Зейнеп Ахметова: «Атам қайтыс болғанда Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының 250 жылдық мерейтойын тойлап жатқан. «Қосылсаңдар, өздерің қосылыңдар, мен кеттім» дегендей атам сол күні қайтты. Той тойланды. Ертесі РСФСР әдебиеті мен мәдениеті күндері басталды. Бүкіл танымал орыстың бәрі келді. Солай той тойлап жатқанда атамды жерлей алмады. Құдай басқа салмасын. Қазір ойласам, әлі күнге жүрегім ауырады. Ол кезде Кеңес Одағының кезі. Біз араласа алмаймыз. Қазір болса, аулақ жүріңдер дейтін едік қой. Солай төртінші күні дегенде атамды жерледі. Бірінші Кеңсай деп аталатын жерде жоғары жағына, көкмайса гүлденген оңаша төбеге атам жалғыз қойылды», – деп еске алды Зейнеп Ахметова.

Коммунистік партияның  ызғарынан ыққандар батырды жерлеуге де қорықты.

Ал, бүгін ше? Кімнен қорқамыз?

Тәуелсіз ел бола тұра, Ресей империясының боданы болдық  дегендей «Қарқаралы қаласына 200 жыл» деп дабыралап жатырмыз.

Қолымда «Индустриальная Караганда» газетінің биылғы жылғы 27 шілдедегі нөмірі.

Тақырыбы да айқайлап тұр. «Два века степного оазиса».

«24 июля свой 200-летний юбилей отметил один из самых прекрасных уголков региона – всеми любимый Каркаралинск. Об истории города и его героях в проекте «Календарь памятных дат» рассказали в Центральной городской библиотеке им. М. Ауэзова Караганды. Приказ о торжественном открытии Каркаралинского округа был издан 8 апреля 1824 года. А 24 июля он был одобрен правительственным Сенатом Российской империи и утвержден указ о создании крепости. В 1827 году на базе крепости образована Каркаралинская казачья станица. Почему город получил такое название? Ответ мы найдем в народной легенде, записанной в XIX веке российскими этнографами: «…Собираясь в дорогу, она (Баян) взяла с собой свадебный головной убор невесты, украшенный черными перьями и потому называвшийся кар-кара, и кинжал. На пути к стану Кузугур-печа она оставила в одном из аулов этот убор, и с тех пор аул этот стал называться Кар-кара, а потом Кар-кары – название, оставшееся и за основанной на этом месте казачьей станицей (теперь город Каркаралинск)».

Осылай делінген мақалада. Оқып отырсаңыз, көзге бірден қорған салу арқылы  казак станицасы құрылды делінеді. Ол нені білдіреді? Сырт жаудан емес, осы жердің иесі қазақтан қорғану үшін ғана жасалған станица.

Сырттан келген келімсек менің, сенің ата-бабаннан қорғанған болып шығады. Ал, біз ұрпақтары сол күнді тойламақпыз. Парадокс…

Одан ары көз салайық. «Современный город расположен в 220 км к юго-востоку от Караганды у восточного подножия Каркаралинских гор. Его история неразрывно связана с именами великих деятелей казахской и российской истории – А. Кунанбаева, Ш. Уалиханова, Н.П. Семенова-Тянь-Шанского, Г. Потанина, М. Пришвина, А. Затаевича, М. Ауэзова. На каркаралинской земле родились и выросли великие личности, которые стали гордостью нации. Это известный политический деятель Казыбек би; блестящий поэт-композитор Мади Бапиулы; непревзойденный мастер кюя Таттимбет; известный поэт Касым Аманжолов, народный писатель Казахской ССР Альжаппар Абишев; обладатель звания «Халық Қаһарманы», первый казахстанский космонавт Токтар Аубакиров и много других достойных сынов народа. Не зря Каркаралинск называют жемчужиной Сарыарки. Леса и горы здесь находятся под охраной государства еще с XIX века. В 1998 году эти земли вошли в Каркаралинский национальный парк. Он занимает 90 323 гектара и включает в себя большое количество лесов и гор. Национальный парк Каркаралы – родной дом для 122 видов птиц, 45 видов млекопитающих, 6 видов рептилий и 2 видов амфибий. Ряд животных парка занесен в Красную книгу Казахстана, включая архара, черного аиста и беркута. Горы Каркаралы хорошо известны своими уникальными скальными образованиями и «скрытыми» горными озерами. Пешие походы, катание на беговых и горных лыжах, фото-сафари и культурные гиды по национальному парку, а также купание в горных озерах – все это популярные виды активного отдыха среди туристов. В городе к его юбилею провели масштабную реконструкцию дорог, стадиона, Дома культуры и мечети имени Кунанбая кажы, построенной в 1849 году. Жителей города и его гостей ждет множество праздничных торжеств, посвященных 200-летию этого степного оазиса», дейді  Лиэль Степкина.

Әрине, айтылғандары бәрі дұрыс. Бірақ, соңғы «Жителей города и его гостей ждет множество праздничных торжеств, посвященных 200-летию этого степного оазиса» деген сөйлем «Неге, біз, бодандықтан арыла алмай отырмыз?» деген ойға жетелейді.

Біз қашан өз тарихымызға қиянат жасамай береміз, ағайын? Әлдеқашан өмірде жоқ Ресей империясы Сенатының айтқанымен жүреміз бе, әлде өзіміздің ешкімге бодан еместігімізді дәлелдеп Абылайханның 255 жыл бұрын 1769 жылы Матақ батырдың дуанбасы, әкім етіп тағайындалған уақытын атап өтеміз бе?  Ойланайықшы!

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *