«Таза Қазақстан»: 12 мыңға жуық хаттама

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Санитарлық нормаларды сақтау, тәртіп пен тазалықты сақтау бойынша профилактикалық рейдтер тұрақты негізде өтуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын учаскелік инспекторлар тұрғын үй кешендерін аралап, абаттандыру ережелерінің сақталуын тексереді және ПИК төрағаларымен, үй және кіреберіс бойынша басқарушылармен және үй басшыларымен профилактикалық жұмыс жүргізеді.

– «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 11,5 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылды. 28 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 19 автокөлік ұсталды, олардан ҚТҚ лақтырғаны анықталды. Әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына абаттандыру ережелерін бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы 440 ұсыныс шығарылды. Өткен аптада ғана ПИК-тің бес төрағасы мен кіреберістегі екі жетекшіге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ПИК-тің 19 төрағасына қатысты ескерту жасалды, – деді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайырбек Шәкенов.

Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *