Техникалық білім – табысты болашақ негізі

Қазіргі заман – технология мен жылдамдық дәуірі. Ел экономикасының дамуы, өндіріс пен сауданың өркендеуі, халықтың күнделікті қозғалысы көлік саласына тікелей байланысты. Осындай маңызды бағыттардың бірі – «Транспорт, транспорттық техника және технологиялар» мамандығы. Бұл сала көлік құралдарын жобалау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және тасымалдау жүйесін жетілдірумен айналысады.

Қоғамдық көлік – адамдардың күнделікті өмірінде жиі пайдаланылатын орта. Автобус, трамвай, метро сияқты көлік түрлерінде әртүрлі жастағы және түрлі мамандық иелері кездеседі. Сондықтан қоғамдық көліктегі адамдардың қарым-қатынасы мен тәртібі қоғам мәдениетінің көрсеткіші болып табылады.

Қоғамдық көлікте сыпайылық пен өзара құрмет өте маңызды. Жолаушылар бір-біріне кедергі жасамай, орын беріп, үлкендерге, балаларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға құрмет көрсетуі керек. Мұндай әдепті мінез қоғамдағы ізгі қарым-қатынасты қалыптастырады. Қарапайым сәлемдесу, тыныш сөйлеу және мәдениетті болу – қоғамдық тәртіптің негізгі белгілері.

Қоғамдық көліктегі тәртіп тек жеке адамның мәдениетін ғана емес, бүкіл қоғамның деңгейін көрсетеді. Егер әрбір адам жауапкершілікпен қарап, ережелерді сақтаса, көлікте жағымды атмосфера қалыптасады. Бұл өз кезегінде адамдардың көңіл күйіне және күнделікті өмір сапасына оң әсер етеді.

Егер сіз техниканы қызығып оқитын, жаңашылдыққа ұмтылатын және жауапкершілігі жоғары маман болғыңыз келсе, бұл мамандық сіз үшін. «Транспорт, транспорттық техника және технологиялар» бағыты – болашағы зор, тұрақты даму мүмкіндігі бар сала. Бұл мамандық арқылы сіз елдің көлік жүйесін дамытуға өз үлесіңізді қоса аласыз.

Мен Сізді «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ  «Транспорт, транспорттық техника және технологиялар» заманауи және маңызды мамандықты таңдауға шақырамын! Болашағыңызға сенімді қадам жасап, көлік саласының кәсіби маманы болыңыз!

Қарлығаш НҰРЖАНОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі