Теміртауда №17 мектепте Конституция жобасы талқыланды

Қарағанды облыстық коалициясының мүшелері  Теміртау қаласына арнайы жұмыс сапарымен келіп, қалалық коалиция өкілдерімен бірлесіп КГУ «№17 жалпы білім беретін мектеп» еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиында құжатта қарастырылған негізгі өзгерістер мен басым бағыттар кеңінен баяндалып, олардың қоғам дамуына, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігіне тигізер ықпалы айтылды.

Еңбек ұжымы белсенділік танытып, өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Ашық форматта өткен кездесуде ұсынылған конституциялық өзгерістердің мәні мен алдағы референдумның маңыздылығы талқыланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жаңа Конституция жобасының мазмұнын кеңінен түсіндіруге және қоғамның маңызды саяси процестерге белсенді қатысуына ықпал етеді.

№17 мектеп ұжымымен Конституция жобасы талқыланды — 247media.kz