Ten Qogam орталығы ашылды

Абай ауданында ерекше қажеттілігі бар тұрғындар ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдауды уақтылы ала алады. Мұнда Ten Qogam әлеуметтік бейімделу орталығы ашылды.

Жаңа орталықта тегін құқықтық және психологиялық кеңестер беріледі. Мамандар құжаттарды дайындауға және мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік порталға қол жеткізуге әрқашан көмектесуге дайын.

– Біз бірнеше күн жұмыс істеп келеміз. Барлығы 2800 адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Біз жәрдемақыларды ресімдеуге, оңалтудың техникалық құралдарын таңдауға, шипажай-курорттық емдеуге және т.б. көмектесеміз, жұмысқа орналасуға міндетті түрде жәрдемдесеміз және бүгінгі күні мүгедектер үшін жұмыс істейтін мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып береміз, – дейді орталықтың үйлестірушісі Асхат Егеубаев.

Орталық Абай қаласында орналасқан: Жеңіс даңғылы, 7 (Abay CITY СОО).

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас 13:00-ден 14:00-ге дейін), демалыс күндері – сенбі және жексенбі

Анықтама телефоны: (8-72131) 7-90-05, +7-708-706-15-37.

Әлеуметтік желілердегі ресми парақшада қосымша ақпарат ұсынылған: @ten_qogam_abai.

Жоба Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша іске асырылуда.

Манас АҚСАРЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *