Цифрландыру Қазақстандағы кредит беру нарығын өзгертті

Микрокредит беру бүгінде көптеген қазақстандықтардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. «Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) Қазақстанда цифрлық кредит берудің дамуы неден басталғанына және оның азаматтар мен бизнеске қандай пайда әкелетініне талдау жасады. 

Қазақстандағы баламалы кредит беру бұған дейін дәстүрлі банктік өнімдерге қол жеткізе алмаған азаматтар мен бизнес үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бүгінде кез келген дерлік банктің немесе микроқаржы ұйымының қолданбасы арқылы кредитті онлайн алуға болады. Алайда цифрлық кредит беру дамуының бастауында қаржы технологиялары саласындағы стартаптар тұрды.

Микрокредит берудің пайда болуы қайсыбір дәрежеде әр түрлі қаржылық өнімдерді, атап айтқанда, кредиттерді «цифрлау» бөлігінде қаржылық мекемелер арасындағы бәсекелестіктің артуына ықпал етті. Нәтижесінде бұл Қазақстандағы цифрлық экономиканың дамуына да септігін тигізді.

Технологиялар қалай дами бастады

Цифрлық микрокредит беру нарығының белсенді өсуі 2015 жылы, қазақстандық қаржы секторына онлайн микрокредит беретін компаниялар келген кезде басталды. Дәл осы компаниялар кредит өнімдерін цифрландырудың ізашарларына айналды. 2016-2018 жылдар аралығында секторда серпіліс болды. Бұл өнімнің Қазақстан азаматтары арасында жоғары сұранысқа ие болуына байланысты осы кезеңде нарық жылына 200-300%-ға өсті.

Шамамен осы уақытта классикалық банктер мен микроқаржы ұйымдары технологиялық жарысқа белсенді түрде қосылды. Бұл трансформация тұтынушылар үшін нені өзгертті? Ең алдымен, кредит алу үшін банктердің немесе микроқаржы ұйымдарының филиалдарына бару, түрлі құжаттарды жинау және кейбір жағдайларда бірнеше күнге созылатын мақұлдау немесе бас тарту туралы шешімді күту қажеттігі жоғалды. Кредит беру саласында технологияларды енгізу және дамыту өтінім беруден ақша қаражатын алуға дейінгі жолды бірнеше минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Бұған дейін кредит алуда шектеулерге тап болатын көптеген қазақстандықтар енді шұғыл қажеттіліктеріне қаражат табуға мүмкіндік алды.

Оның үстіне, алғашқы бірнеше жылда онлайн кредиттерді қаржы ұйымдарының сайттарында ғана рәсімдеу мүмкін болса, уақыт өте келе ыңғайлы мобильді қолданбалар пайда болып, кредит беру процесі бұрынғыдан да жеңілдей түсті.

Уақыт өте келе компаниялар әлеуетті қарыз алушылардың кредит төлеуге қабілеттілігін бағалау және кредит беру туралы нақтырақ шешімдер қабылдау үшін барған сайын жетілдіріле түскен құралдарды пайдалана бастады. Бұдан бөлек, деректерді талдау клиенттерге жеке кредит ұсыныстарын жасауға мүмкіндік берді.

Кредит алу қажеттігі

Айтпақшы, былтырғы жылы микрокредиттерге деген қызығушылық тағы да арта түсті. Бірінші Кредиттік Бюро деректері бойынша, берілген кредиттер сомасы 2022 жылмен салыстырғанда 100%-дан астамға өсіп, 790 млрд теңгеге жеткен. Бұл ретте берілген кредиттер саны 72,5%-ға артып, 13 млн бірлікке жеткен. Берілген кредиттердің орташа (медианалық) сомасы 50 мың теңгені құрады.

«Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) – жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге онлайн режимде жеке микрокредиттер беруге маманданған жаңа буындағы алғашқы қаржы компанияларының бірі. МҚҰ Қазақстан нарығында цифрлық кредит өнімдерін 2016 жылдан бастап енгізе бастады. Бірінші басшы, МҚҰ бас директоры Алмаз Торутаев атап өткендей, қазақстандықтардың шағын сомада кредит алуды қажет етуі бүгінгі күнге дейін өте жоғары деңгейде қалып отыр.

«Бүгінгі таңда тұтынушылық кредит беру нарығының толып кеткеніне және онлайн кредитті кез келген банкте рәсімдеуге болатынына қарамастан, қазақстандықтарға азғантай соманы қысқа мерзім ішінде алу мүмкіндігі бұрынғысынша қажет екенін көріп отырмыз. Соңғы бір-екі жылда кредит беруге қойылатын талаптардың едәуір қатаңдатылғанын ескеретін болсақ, кредит алу қажеттігі ешқайда жоғалған жоқ. Оның үстіне, микрокредит беру бұрынғысынша азаматтарға ғана емес, кәсіпкерлерге де көмегін тигізеді», – дейді Алмаз Торутаев.

Микрокредит берудің бизнес үшін маңызы

Займер басшысы шағын бизнес үшін тұрақты қаржыландырудың болуы өте маңызды екенін еске салды.

«Бұл – қаржылық инклюзияға және шағын бизнесті қолдауға септігін тигізетін маңызды құрал, ол кейіннен Қазақстанның экономикалық дамуына да әсер етеді», – дейді Алмаз Торутаев.

Микрокредит беру арқылы қолдау көрсетілетін шағын бизнестің дамуы салық түсімдерінің артуына алып келетінін атап өткен жөн. Ал бұл кейіннен білім беруді, денсаулық сақтауды және әлеуметтік қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қосымша ресурстар қалыптастырады.

Микрокредит берудің тағы бір көзге түсе қоймайтын артықшылығы – жаңа жұмыс орындарының ашылуы. Шағын кәсіпорындарды дамыту көбінесе қосымша жұмыс күшін қажет етеді, ал бұл жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және жұмыспен қамту деңгейін жоғарылатуға септігін тигізеді, бұл әсіресе Қазақстан аймақтары үшін маңызды.

Осылайша, микрокредит беру секторындағы технологиялар бүкіл кредит беру нарығын трансформациялауға елеулі үлес қосып, оны қолжетімді етіп қана қоймай, сонымен қатар, кез келген экономиканың негізі болып табылатын кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *