Армия Қызылбайұлы Қызылбаев 1942 жылдың 12 маусымында Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, Киров селосында дүннеге келген. Әкесі Қызылбай Рахымұлы Ұлы Отан соғысына аттанғаннан соң 4 ай өткенде дүниеге келіпті.
«Әкесіз жетім – жартылай жетім» дегендей Ұлы Отан соғысында қаза болған азаматтардың балалары уақытында мектеп табалдырығын аттауына ауыл басшылары мүмкіндік жасамапты. Сол себепті, Арекең ұстаз алдын тоғыз жасында ғана көріпті. Әке қамқорлығынсыз өскен бала ерте есейіп, үй шаруасына қолғабыс жасап, анасының фермадағы мал күтуіне де көмектесуге үлгеріп, ұдайы оқу озаты атанады. 1958 жылы Қарқаралыдағы мал дәрігерлік-зоотехникалық техникумға емтихансыз қабылданады. Арекең өзі оқыған жетіжылдық мектептегі Мұқатай Майқыбеков, Райхан Қалижанов, Игісін Садуақасов есімді ұстаздардың берген терең білімдерінің нәтижесінде 1962 жылы техникумды үздік бағамен аяқтайды. Техникум қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны, үлгілі тәртібі мен үздік оқығаны үшін Арекеңді Мәскеудегі мал дәрігерлік академияға емтихансыз түсуге жолдама беріледі. Бірақ сол «жартылай жетімдік» бөгет болып, Ақтоғай ауданының мал шаруашылығы саласында еңбек жолын бастауына тура келеді. Еңбек жолын 1962 жылы Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, Калинин колхозында бастаған.
Калинин колхозының ветеринариялық бөлімінде ветеринариялық фельдшер, Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, Қоңырат совхозында ферманың ветеринариялық технигі болып жұмыс істеді. Ауылда еңбек ете жүріп, білімін әлі де жетілдіру керектігін түсінген Армия 1963 жылдың тамыз айында Алматыдағы мал дәрігерлік-зоотехникалық институтына құжат тапсырып, студент атанады. Сол тұста Ұлы Отан соғысы жылдары туған ер балалар санының аз болуына байланысты жоғары оқу орыны студенттерін де әскерге шақыру үрдісі болған. Арекең де екінші курста әскерге алынып, институтты жеті жылдан кейін үздік дипломмен тәмамдайды. 1971 жылы өзінің ауылы «Қоңырат» совхозында бас мал дәрігері болып қызмет жолын бастайды.
1973 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосында Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Дайындау министрлігінің аудандық мемлекеттік инспекциясында Бас мемлекеттік инспектор, 1975-1979 жылдары облыстық ветеринариялық-санитариялық отрядының мал дәрігері, бас мал дәрігері, бастықтың орынбасары, 1979-1986 жылдары жануарлардың туберкулез ауруы бойынша облыстық экспедицияның бастығы, 1986-1991жылдары Қарағанды облысы облыстық ветеринария бөлімі бойынша жетекші маман, бас маман, 1991-1997 жылдары Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринариялық бөлімінің бастығы, 1997-1999 жылдары Қарағанды облыстық ветеринария комитетінің төрағасы, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарағанды облыстық ветеринариялық бақылау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
1999-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарағанды облыстық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет етті.
Армия Қызылбайұлы Қызылбаев ветеринария саласының өркендеуі үшін көп тер төкті. Оның қатысуымен ветеринариялық бағдарламалар, нұсқаулықтар мен заңнамаларға көптеген оң өзгерістер енгізілді.
Ол әрдайым ұқыптылығымен, мұқияттылығымен, жауапкершілігімен өзгелерге өнеге болды. Жұмыста талапшылдығымен, принципке беріктігімен, манайындағыларымен қарым-қатынастағы елгезектігімен ерекшеленді. Соның арқасында оның адамгершілік қасиеттері ұжымда жоғары бағаланып, кәсіпорында биік абыройға ие болды. Еңбектегі және қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері үшін Армия Қызылбайұлы Қызылбаев 1967 жылы «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 20 жылдығы», 1986 жылы «Еңбек ардагері» медалі және басқа бірнеше марапаттауларға ие болды.
Арекең басшылық еткен ветеринария саласындағы мекемелер мамандарының өз істеріне жауапкерлікпен қарауы нәтижесінде облысымызда ұзақ жылдар бойы малдың аса қауіпті жұқпалы аурулары тіркелген жоқ. Мұның өзі мамандықтарына адал басшылар Мұқатай Сәтбаев, Нил Рождественский, Қаби Қошанов, Дәрібай Жексембаев, Абдолла Төребеков, Александр Иванов, Марат Базарбаев, Василий Дральшиков, Қуанышбек Біләлов, Жеңіс Кенжебеков, Дулат Ибраимов, Серік Қаржасбаев, Есенғали Қорабаев, Құрманғали Умертаев, Жеңіс Амирашев, Галина Жалмуханова, Қабыш Байғонысов, Ғалым Оспанов, Балтабай Аккушкаров, Елемес Түсіпбеков, Еркін Әрінов, Михаил Иванов, Юрий Назаров, Кәрібек Мұстафин, Мырзакәрім Каханов, Хамза Садыханов, Шүкірбай Тукеев, Мэлс Қашқынов, Марлан Құлымжанов, Баймұрат Құрмашов, Тұрсын Туғанбаев, Қайролла Хасенов, Аманкеш Рахымжанов, Тохтарбек Тусупбеков, Жұмағазы Сапаров, Қуан Қайырбеков, Даулет Дөңгелеков,Үсенғали Айтбаев, Нүридден Жакупов, Жанат Мұстафин, Серікбай Бекетов, Мағауия Омаров, Жанат Сарсенбаев, Исабек Қанатбеков, Өмірсерік Рустембеков, Нұрбол Абақанов, Сергей Қуанышқалиев, Серік Көкшебаев, Ғалым Бейсенбаев, Маден Борсынбаев, Төлеген Рысбеков, Айткен Шәкенов, Виктор Федоренко, Ербол Садиров, Егінбай Кулшинбаев, Валерий Феофанов, Евгения Забровская, Ералы Оразбеков, Қайролла Абдикаримов, Сырым Бошпанов, Шахизада Рсалдин, Абдолла Шайжанов, Мадия Тайжанов, Сейіл Садықов, Игорь Дю, Кабдулла Каппаров, Дулат Абдикаликов, Егінбай Кусаев, Ансары Альшимбаев, Жақсылық Увалиев, Сакен Ахметчин, Аманбек Абдикаримов, Тоқтар Көпжасаров, Құрман Әли және аудандар мен қалалардағы аттары аталмаған ветеринариялық инспекторлар мен зертхана мамандарының, мал дәрігерлерінің, ғалымдардың қажырлы еңбектерінің арқасында мүмкін болды.
Қабыш Омарғалиұлы Байғонысов 1952 жылы 1 қантарда Қарағанды қаласы, Қақаралы ауданы қызметкер, көп балалы отбасында дүниеге келген. Қарқаралы зооветтехникумын 1972 жылы қызыл дипломға бітірді. 1974 жылы әскер қатарында болды. 1974 жылдан бастап Қақаралы ауданында мал дәрігер болып қызмет істеп, 1977 жылы Алматы зооветеринарлық институтына дайындақ бөліміне жолдама алды. 1977-1983 жылдары Алматы зооветеринарлық институтында студент болып, қызыл дипломға тамамдады. 1983 жылы қыркүйек айында Қарқаралы совхозының сүт өнім комплекісінде аға малдәрігері болып қабылданды. 1987-1989 жылдары Қарқаралы ауданының Восток кеңшарының бас мал дәрігері болып қызмет атқарып, ірі қара мал, ұсақ мүйізді малдарды бурцеллезден сауықтырды. Бруцеллез ауруынан сауықтыру еңбегі жоғары бағаланып, еңбек кітапшасына алғыс жазылды, жаңа УАЗ автокөлігі берілді. Отбасы жағдайымен 1989 жылы Бұқар-Жырау ауданы, Энгельс совхозына аға мал дәрігері болып қабылданды. 1997 жылы әкім орынбасары болып қызмет жасады. 2002 жылдан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясында қызмет жасап, осы мекуемеден зейнетке 2015 жылы шықты.
Ветеринария саласында 1983 жылдан бастап Қарқаралы ауданы Қарқаралы кеңшарында аға мал дәрігері болып жұмыс бастап, одан әрі бас мал дәргері және қызмет барысында көптеген биік белестерден өтіп, ветеринария саласын өркендетуге білгір маман ретінде 32 жыл бойы еңбектеніп, қызмет барысында өзіне берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындап, елдің алғысына бөленді. Еңбекпен жинаған мол тәжірибесін, терең біліктілікпен мамандығына адал болып, нәтижелі қызмет атқарды. Қарағанды облысының мал дәрігерлік саласының өсіп-өркендеуіне зор септігін тигізді. Өзінен кейінгі жас мамандарға өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, білімді маман ретінде Егеменді Еліміздің дамуына өз үлесін қосып, талай шәкірттерді тәрбиелеп, ветеринария саласында жемісті қызмет атқаруына септігін тигізді.
2022 жылы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық округі «Округтің дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды. Сонымен қатар көптеген дипломдар, сертификаттар, куәліктер, алғысхаттар мен марапатталды. 2024 жылы 18 наурызда дүниеден озды.
Манас АҚСАРЫ