1–15 желтоқсан аралығында «Заң мен тәртіп» жалпыұлттық нарративі аясында Қарағанды облысының мектептері мен колледждерінде жасөспірімдердің қаржылық қауіпсіздігін арттыруға және заманауи цифрлық қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған республикалық Qarzhy Saqshysy компьютерлік ойыны өткізіліп жатыр.
Ойынның интерактивті форматы 10–11-сынып оқушылары мен колледж студенттеріне бейімделген практикалық тапсырмалардан, шағын жағдайлық мысалдардан және сұрақтардан тұрады. Мұндай тәсіл жасөспірімдерге теориялық білім алумен қатар нақты цифрлық жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді.
Ойын қорытындысы бойынша үздік қатысушылар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Жоба профилактиканың тиімді құралына айналып, мектеп пен колледж студенттерінің қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етпек.
Жоба Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен облыстық білім басқармасының бірлесуімен жүзеге асырылуда. Ойын AML Academy және Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірленген.
Жобаның мақсаты — қаржылық сауаттылықты арттыру және цифрлық ортада жауапты мінез-құлық қалыптастыру. Qarzhy Saqshysy жасөспірімдерді жастар үшін барған сайын өзекті қауіпке айналып отырған қаржылық алаяқтық түрлерімен таныстырады, олар:
қаржылық пирамидалар;
дропперлік;
фишингтік шабуылдар;
әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық;
цифрлық гигиенаның негіздері.
Интерактивті формат жасөспірімдердің теориялық біліммен қатар цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын тәжірибе арқылы меңгеруіне жағдай жасайды.
Ойын қорытындысы бойынша үздік қатысушылар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Жоба мектеп және колледж оқушыларының қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыратын тиімді профилактикалық құрал болмақ.
«Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр
