«Үздік сапалы қызмет көрсетуші»

Мемлекеттік істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.Сәрсен «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының нәтижесін шығару бойынша жиын өткізді.

Конкурсты өткізудің негізгі мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарланудың негіздерін нығайту болып табылады.

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес Өңірлік комиссия құрылды.

Оның құрамына құзырлы мекеме басшылары, қоғам белсенділері және Департамент жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері кірді.

24 өтінім ішінен «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» және «Сервистік қызмет көрсетуші» бағыттары бойынша 10 қатысушы халықтық дауыс беруге жіберілді.

Нәтижесінде, «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» бағыты бойынша «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ өкілі – Аманбаева Гүлдана және «Сервистік қызмет көрсетуші» бағыты бойынша «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ II кезеңіне (республикалық кезеңге) жіберілетін үздіктер анықталды.

Әділ БЕК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *