Өткен аптада Ұлытау облысы, Жаңаарқа кентінде Қазақстан Республикасы күніне арналған 2012-2013 және 2014-2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында мини футболдан ашық турнир өтті. Аталған жарысқа Жезқазған, Қарағанды қалаларының, Жаңаарқа, С.Сейфуллин кенттерінің, Киікті ауылының, Бұқар жырау, Нұра аудандарының командаларымен бірге Ақадыр кентінің Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің де құрамасы қатысты. Екі күнге созылған турнирде 18 команда өзара күштерін сынасты.
Жарыстың нәтижесі бойынша Ақадыр кентінің 2012-2013 жылы туған балалары жүлделі екінші орынға қол жеткізсе, 2014-2015 жылы туғандар арасында жерлестеріміз жеңімпаз атанды.
Турнирдің үздік ойыншылары болып Қуанышбек Инаят, Марат Бекасыл, үздік шабуылшы болып Азамат Алихан, үздік қорғаушы болып Көмеков Әмір танылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.
Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Қ.БЕКҚОЖИН,
Ақадыр кенті